Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылорда қаласының бюджеті жартыжылдықта екі есе ұлғайды
    Жаңалықтар

    Қызылорда қаласының бюджеті жартыжылдықта екі есе ұлғайды

    SalemnewsSalemnews23.07.202563 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Бүгінде Қызылорда қаласының бюджеті екі есеге жуық артып, кірістер жоспары артығымен орындалған. Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыс барысында нақты нәтижелерге қол жетіп отыр.

    Кейінгі айларда инвестиция тарту, құрылыс және сауда салаларындағы өсім де ерекше байқалды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында брифинг өткізген Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов жүйелі жоспар жалғасатынын атты. Әсіресе, тұрғындардың белсенділігі және мемлекеттік қолдаудың үйлесім назарда болмақ

    – Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында Қызылорда қаласында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар оң нәтижелерге қол жеткіздік. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру, Үкімет пен облыс әкімдігінің қолдауы, сондай-ақ, қала тұрғындарының белсенділігі мен еңбекқорлығы нәтижесінде қаламызда даму қарқыны сақталуда. Жартыжылдық қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының бюджеті 73 миллиард теңгеден 144 миллиард теңгеге дейін өсіп, екі есеге жуық ұлғайды. Бұл – салық түсімдері мен өз кірістердің артуы, мүлік пен кәсіпкерлік нысандарға қайта бағалау жүргізу сияқты нақты жұмыстардың нәтижесі. Қайта бағаланған бірнеше нысан есебінен бюджетке қосымша кірістер тартылып, жыл соңына дейін қосымша түсім көлемі арта түседі деп күтілуде. Бөлінген қаржы негізінен құрылыс, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қолдау, мәдениет пен спорт салаларын дамытуға бағытталуда. Соның нәтижесінде жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы қарқын алып, қала инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда. Сонымен қатар, қаланың инвестициялық тартымдылығы артты. Ірі жобалар мен кәсіпкерлік бастамалар қолдау тауып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сауда, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларында өсім сақталып отыр. Бұл Қызылорданың экономикалық әлеуеті нығайып келе жатқанының айқын көрінісі. Біз үшін сандардың өсуі — тек көрсеткіш қана емес. Бұл — тұрғындардың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін нақты нәтиже. Алдағы уақытта да осы оң қарқынды сақтап, халықтың сұранысына сай жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Қаламыздың дамуы – баршамызға ортақ міндет, – деді қала әкімі Нұржан Сәбитұлы.

    Қала ішіндегі жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту – тек қозғалысты жеңілдету ғана емес, сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық келбетін жақсартудың маңызды бөлігі. Қызылордада бұл бағытта кешенді жобалар жүзеге асырылуда. Биыл бірқатар ірі көшелерде құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынып, шет аймақтарда жол сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар атқарылуда.

    – Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту – біздің басым бағыттарымыздың бірі. 2025 жылы осы мақсатқа 23,2 миллиард теңге бөлініп, ұзындығы 60 шақырымнан астам жолды қамтитын алпысқа жуық жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде облыс орталығының негізгі артерияларының бірі – «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылының жаңғыртылуы ерекше атап өтуге тұрарлық. Жобаның бірінші кезеңі аяқталды, ал қазір екінші кезеңі Сырдария өзені бойындағы қорғаныш бөгетті бекіту жұмыстарымен қатар жүріп жатыр. Бұл бағытта жаңа жол учаскесі пайдалануға берілген соң, көлік ағыны едәуір жеңілдеп, қатынас сапасы артады. Сонымен қатар, шет аймақтарда орналасқан 17 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жол сапасының жақсаруы – тек орталықпен шектелмей, барлық тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған нақты қадам, – деді қала әкімі.

    Биылғы көктемгі дала жұмыстары Қызылорда қаласында жоспарлы түрде әрі толық көлемде орындалды. Егіс алқаптары уақытылы игеріліп, шаруалар қажетті жанар-жағармай, тыңайтқыш және гербицидпен қамтылды. Мемлекеттік қолдау аясында ауыл шаруашылығы техникалары мен агрохимиялық құралдар жеткізіліп, ірі жобалар іске асырыла бастады. Қала төңірегіндегі агроөнеркәсіптік секторды жаңғырту – басым бағыттардың бірі ретінде айқындалуда.

    – Ауыл шаруашылығы – қаламыздың экономикалық құрылымындағы маңызды саланың бірі. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Биыл 8 695 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде негізгі дақыл – күріш 3 454 гектарға орналастырылды. Көктемгі дала жұмыстарына 154 дана ауыл шаруашылығы техникасы тартылып, науқан ойдағыдай өтті. Мемлекет тарапынан 269 тоннаға жуық арзандатылған дизель отыны бөлініп, шаруалар 100 пайыз тыңайтқыш және гербицидпен қамтамасыз етілді. Бұл – жергілікті егіншілердің уақытылы әрі сапалы жұмыс жүргізуіне зор мүмкіндік берді. Бүгінде бұл салада бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Агроөнеркәсіп саласының әлеуетін арттыру, өнім көлемін ұлғайту және заманауи тәсілдерді енгізу – біздің негізгі мақсатымыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді шаһар басшысы.

    бюджет Қызылорда
    Previous ArticleҚазақстандықтардың төлқұжатында жаңа элемент пайда болады
    Next Article Биыл «Каспий» биржасында 26 мың тоннадан астам битум сатылды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.