Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Білікті дәрігерлер сирек кездесетін ауруға ота жасады
    Жаңалықтар

    Білікті дәрігерлер сирек кездесетін ауруға ота жасады

    SalemnewsSalemnews07.08.202521 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылордалық кардиохирургтар сирек кездесетін ісікті ашық ота жасау арқылы алып тастады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қызылорда көп бейінді облыстық ауруханасында ашық жүрекке сирек кездесетін ота жасалды. Дәрігерлер миксома деп аталатын қатерсіз ісікті алып тастады.

    Пациент Зәуре Асанованың іш қуысындағы негізгі артериялардың бірі бітеліп қалып, хирургтар қан ұйығыштарын алып тастауға мәжбүр болды.   Қосымша тексеруден соң пациентте көлемі 6х5 сантиметр болатын сол жақ жүрекше миксомасы анықталды. Сондықтан жасанды қан айналымын қолдану арқылы ашық жүрекке жоғары технологиялы ота жасалды. Дәрігерлер ісікті солайымен алып тастады.

    Ота сәтті өтті. 49 жастағы пациент қазір медициналық оңалту сатысында.  

    — Тынысым тарылып, басым айнала беретін, аяқтарым ұйып қалатын. МӘМС аясында тегін ота жасалып, жағдайым жақсарды. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне кәсібилігі мен қамқорлығы үшін алғыс айтамын, – деді Зәуре Асанова.

    Аурухананың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Берік Дәуітбаевтың айтуынша, миксома – сирек кездесетін патология, мұндай ота облыста жылына 1-2 рет қана жасалады.

    – Құны — 3,5 миллион теңге. Барлық шығын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен өтеледі. Жыл басынан бері ашық жүрекке шамамен 70 ота жасадық. Оның көбі — аортокоронарлық шунттау мен жүрек қақпақшаларын ауыстыру, – деді Берік Дәуітбаев.

    жүрек ісік Ота
    Previous ArticleХалықаралық жастар күніне арналған «QYZYLORDA JASTAR FEST» өтеді
    Next Article Ақтау-Бейнеу автожолы ақылы болады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.