Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Белгілі футболшы Қарағанды облысында жол апатынан қаза тапты
    Жаңалықтар

    Белгілі футболшы Қарағанды облысында жол апатынан қаза тапты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова08.06.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: instagram.com/futsalkazakhstan


    Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан Көкшетаудың «Елім-Ай» футбол клубының 29 жастағы ойыншысы Ілияс Буртовой көз жұмды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 6 маусым күні Қарағанды облысындағы Дубовка кентінің маңындағы автожолдың 1-шақырымында жол-көлік оқиғасы болған.

    Алдын ала деректер бойынша, Chevrolet Cobalt автокөлігін басқарған 21 жастағы жүргізуші көлікті тізгіндей алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан ол 44 жастағы жүргізуші басқарған Opel Vectra көлігімен соқтығысқан. Апат нәтижесінде Chevrolet Cobalt жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

    Ілияс Буртовой ауыр хәлде профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

    Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ілияс Буртовой 1996 жылы дүниеге келген. Ол өзінің спорттық жолын 2015 жылы «Шахтер-Булат» командасында бастаған. Кейін футзалға ауысып, Қарағандылық «Прогресс» командасының құрамында Қазақстан кубогында өнер көрсетті. Сондай-ақ еліміздегі ең мықты әуесқой командалардың бірі — FC BIRLIK сапында ұзақ уақыт ойнады. Өткен жылы осы командамен бірге шағын футболдан әлем чемпионатына қатысқан. Биыл Қазақстан кубогы мен Бірінші лигада Көкшетаудың «Елім-Ай» командасы құрамында ойнады.

    Клуб басшылығы марқұм спортшының туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

    Previous ArticleОралда алкоголь өнімдерін заңсыз сатқандар ұсталды
    Next Article Қызылордада 113 мыңнан астам ағаш дерегі базаға енгізілді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.