Фото: Freepik.com
Баспана алуға арналған бағдарламалар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етуде. Отбасы банктің” қаржы кеңесшісі ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне керекті кеңес айтты, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.
“Отбасы банктің” қаржы кеңесшісі Гүлнұр Салхадиновамен кездесу барысында тұрғын үй алу жайына тоқталып, жарна жинаудың оңтайлы тәсіліне де ойысты. Арнайы келген маман жеңілдетілген бағдарламалар жайында да бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп, білгенімен бөлісті. Үй алуға ниетті қызметкерлер көкейінде жүрген сан сауалын қойып, мардымды жауап алды.
– Баспана бұйырып жатса, бір бақ. Өйткені, жайлы өмір сүрудің жайы құтты қонысқа байланысты. Бүгінгі кездесуде бағдарламалардың айырмашылығын, оның шартын, қайсысы табыс пен отбасылық жағдайға сай келетінін түсіндік. Енді ерте қамданып, үйлі болуға нық қадам жасамақпын. Мұндай келелі кездесулер қызметкерлер үшін маңызды, — дейді әділет сержанты Қ.Дүкенбаев.
Әлеуметтік қолдаудың қызмет сапасына да әсер ететіні анық. Алдағы уақытта да пайдалы ақпарат ұсыну жұмысы үзілмейді.
