Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді
    Жаңалықтар

    Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова03.04.202651 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Атырау облысының прокуратурасы құны 10 млрд теңге болатын құс фабрикасын салу жобасын іске асырып жатқан «Atyrau Chicken» ЖШС инвесторының құқықтарын қорғады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі

    Аталған инвесторға қатысты «Атырау Жарық» АҚ электр энергиясы тарифтерін қолдану кезінде әлеуметтік маңызы бар өнім өндірушілерге қарастырылған заңды жеңілдіктер (жеңілдік тарифтер) ескерілмеген.

    Тек прокуратураның араласуынан кейін электр энергиясының тарифі төмендетіліп, негізсіз есептелген төлемдерге қайта есеп жүргізілді.

    Нәтижесінде инвестор ай сайын 600 мың теңгеден астам қаражат үнемдеуге мүмкіндік алды.

    Сондай-ақ құны 800 млн теңге болатын тауық етінен жартылай фабрикаттар өндіру жобасын іске асырып жатқан инвесторға да тарифтердің негізсіз жоғарылауын төмендету бойынша осындай көмек көрсетілді.

    Жалпы алғанда, облыс прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар тауарлар өндірумен айналысатын 15 кәсіпкердің құқықтарын қалпына келтірді.

    Қабылданған шаралар ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.

    Инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасатын болады.

    Previous ArticleАқмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адамға 24 жылдан кейін сот үкімі шықты
    Next Article Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың деректері ашық жарияланған
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.