Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды
    Жаңалықтар

    Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова16.05.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto


    Елордадағы құрылыс алаңдарында сәулет басқармасы, «Астана Бас жоспары» ЖШС және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы бірлескен тексеріс жүргізді. Тексеру барысында бірнеше заңбұзушылық белгілі болды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Прокурорлардың мәліметінше, Ш. Айтматов көшесі, 24/8 учаскесіне жақын маңда кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатқаны анықталды.

    «Тексеру нәтижесінде бұл нысандағы құрылыс-монтаждау жұмыстары сараптаманың оң қорытындысынсыз және жұмыстардың басталғаны туралы хабарламасыз жүргізіліп жатқаны белгілі болды», — деп атап өтті Бас прокуратура.

    Осыған ұқсас келесі заңбұзушылық Ш. Айтматов пен Е164 көшелерінің қиылысында тіркелді. Мұнда кіріктірілген үй-жайлары, медициналық орталығы және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені бой көтеріп жатыр. Құрылыс нысанына жүргізілген тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, жер учаскесіне қатысты құқық белгілейтін құжаттар болмаған. Сонымен қатар, жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және міндетті сараптама қорытындысы алынбаған. Бұдан бөлек, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы тиісті хабарлама уәкілетті органдарға жолданбаған.

    Бас прокуратура бұған дейін құрылысты тоқтату туралы ескерту алса да, заң талаптарын елемей, жұмысын жалғастыра берген заңсыз құрылыс салушыларға ерекше назар аударылып жатқанын жеткізді.

    Қазіргі уақытта елорданың қала құрылысы саласында тәртіп орнату және заңсыз нысандардың жолын кесу мәселесі прокуратураның тұрақты бақылауында.

    Previous ArticleАҚШ-та ұшақ тұрғын үйге құлады
    Next Article Елімізде дрондар газ апатын анықтайды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.