Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Елімізде дрондар газ апатын анықтайды
    Жаңалықтар

    Елімізде дрондар газ апатын анықтайды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова16.05.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Gov.kz

    QazaqGaz Aimaq BL-CH4 метан лазерлік детекторымен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппаратын таныстырды.

    «Аталған дрон газ құбырларын әуеден тексере алады, яғни лазер сәуленің жұтылуы арқылы метанның бар-жоғын анықтайды. Бұл газдың шығуын құбырды тексерместен анықтауға және оның орнын қашықтан дәл белгілеуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл инфрақұрылымның жай-күйін жедел бақылауға және газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға көмектеседі», — делінген «Самұрық-Қазына» қорының хабарламасында.

    Бұл — газ инфрақұрылымын цифрландыру және дамыту бойынша жұмыстардың бір бөлігі ғана. Бұдан бөлек, компания деректерді қашықтан жіберетін 1,3 миллионнан астам смарт-газ есептегішін орнатып, «толықтай дайын» форматтағы кешенді цифрлық жүйе құрып жатыр. Жоба Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде іске асырылуда.

    Сондай-ақ, елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы жобалар аясында Алматы облысындағы Дәулет және Қостанай облысындағы Диевка ауылдарына газ тартылды. Нәтижесінде Дәулет ауылында 300, Диевка ауылында 365 үйге табиғи газ қосылды. Қостанай облысындағы жобаны «Самұрық-Қазына» қоры қаржыландырды.

    Previous ArticleАстанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды
    Next Article Кәріз жүйелерінің жұмысы бақылауда
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.