Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматы облысында баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
    Жаңалықтар

    Алматы облысында баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

    SalemnewsSalemnews06.07.202541 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Көкөзек ауылында баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Lexus көлігін басқарған 42 жастағы азамат изоляторға қамалды

    Полиция мәліметінше, оқиға 4 шілде күні Көкөзек ауылында болған. 42 жастағы ер адам Lexus автокөлігімен баланы қағып, ешқандай көмек көрсетпестен оқиға орнынан кетіп қалған.

    «Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», – деді полиция қызметкерлері.

    Оқиға сәті бейнебақылауға түсіп қалған

    Әлеуметтік желіде тараған видеода көлік артқа жүріп бара жатып, көшеде тұрған жас баланы қағып кеткені анық көрінеді.

    Жүргізуші көлікті тоқтатпай, оқиға орнынан еш кедергісіз кетіп қалған.

    • Зардап шеккен бала жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
    • Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр.

    Жүргізуші – бұрынғы полицей

    Полиция көлік тізгінінде болған адам бұрын құқық қорғау саласында жұмыс істегенін растады.

    Алайда ол оқиғаға дейін тәртіптік себептермен қызметтен босатылған.

    Қылмыстық іс қозғалды

    «Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») және 347-бабы («Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу») бойынша іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ресми хабарламада.

    Баланы қаққан жүргізуші қашып кеткен
    Previous ArticleҰлттық домбыра күні: Астанада өткен бірегей мәдени іс-шараға 20 000-нан астам қонақ жиналды
    Next Article «Бала бойындағы шығармашылық қабілет маңызды»: Мағжан Қанатұлы, Оқушылар сарайы директорының міндетін атқарушы
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.