Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматы маңындағы тауда жеті оқушы мен екі мұғалім адасып кетті
    Жаңалықтар

    Алматы маңындағы тауда жеті оқушы мен екі мұғалім адасып кетті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова12.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Видеодан скриншот

    Алматы облысында шатқалда тоғыз адам адасып кеткен. Олардың екеуі – мұғалім, қалған жетеуі – оқушы. Құтқарушылар оларды тікұшақпен іздеп тапты, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    ТЖМ мәліметінше, Қарасай ауданындағы Известковое шатқалында адасып кеткен тоғыз адамнан тұратын топты іздеу жұмыстары жүргізілді.

    Оқиға орнында ТЖД жедел штабы ұйымдастырылды. Іздеу-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, ТЖМ Республикалық «Барыс» құтқару қызметінің құтқарушылары, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер қатысты.

    Жергілікті жерді барлау үшін жылу түсіргіші бар ұшқышсыз ұшу аппараты және тікұшақ қолданылды.

    «Таңертең топ тікұшақтан әуеден байқалды. Құтқарушылар оларға жетіп, қауіпсіз жерге – автотұраққа дейін алып шықты», — делінген хабарламада.

    Оқушылар ата-аналарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

    Previous ArticleҚуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан түрмеде бақылау күшейтіледі
    Next Article Трамп Тоқаевты ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.