Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан түрмеде бақылау күшейтіледі
    Жаңалықтар

    Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан түрмеде бақылау күшейтіледі

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова12.09.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    istockphoto

    Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан Степногорскідегі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №5 мекемесінде жаңа бақылау жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Мәліметке сәйкес, биыл прокуратура Степногорскідегі Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің материалдық-техникалық базасын күшейтуге бюджеттен қаржы бөлу мәселесін шешкен.

    Соның нәтижесінде №5 мекемеде кіріп-шығуды бақылайтын заманауи бейнедомофон жүйесі орнатылды. Сотталған адамға шығу қажет болса, ол шақыру түймесін басады. Бұдан кейін кезекші бөлім қызметкері бейнебайланыс арқылы оның кім екенін анықтап, не үшін шығатынын нақтылайды. Есік тек рұқсат берілгеннен кейін ашылады да, артынша автомат түрде жабылады.

    «Бұл жүйе сотталғандардың бақылаусыз жүруіне жол бермейді, өткізу тәртібін күшейтеді және қызметкерлер мен нысанның қауіпсіздігін арттырады», — деп түсіндірді прокуратура өкілдері.

    Прокуратура өкілдерінің айтуынша, сотталғандардың мекеме ішіндегі қозғалысын реттейтін заманауи бейнебақылау және кіруді басқару жүйелерін енгізу тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтудің тиімді тетіктерінің бірі.

    Еске салайық, 24 жылға сотталған Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев жазасын Степногорскідегі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №5 мекемесінде өтеп жатыр. Аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейтін қауіпсіздігі барынша қатаң мекеме қаладан шамамен 10 шақырым жерде орналасқан.

    Previous ArticleГоловкин жаңа қызметке тағайындалды
    Next Article Алматы маңындағы тауда жеті оқушы мен екі мұғалім адасып кетті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.