Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақтөбедегі облыстық әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді
    Жаңалықтар

    Ақтөбедегі облыстық әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова07.04.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Tengrinews.kz/Ақтөбе

    Ақтөбе қаласында облыстық әкімдік ғимаратының шатырында шыққан өрт толық сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін небәрі 5 минут ішінде оқиға орнына жеткен. Алғашқы бөлімшелер келген кезде ғимараттың әр бөлігінде үш бірдей ашық жану ошағы анықталған.

    «Өрт сөндіру оқпандары дереу іске қосылып, жалынды толық жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді», – деп хабарлады ТЖМ.

    Мамандардың айтуынша, өртті сөндіру жұмыстары бірнеше факторға байланысты күрделенген. Атап айтқанда, жалынның үлкен аумаққа тез таралуы, жанғыш материалдардың көп болуы, қою түтін, жоғары температура мен ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері кедергі келтірген.

    Өртті сөндіруге 80-нен астам қызметкер мен 30-ға жуық техника жұмылдырылды. Нәтижесінде тілсіз жау 300 шаршы метр аумақта толықтай жойылды.

    Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

    Previous ArticleТанымал әнші Төреғали Төреәлі жетінші рет әке атанды
    Next Article Астанада пациент фельдшерге шабуыл жасап, қашып кеткен
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Үйі қоқысқа толып кеткен әйел төрт жыл бойы баспалдақ алаңында түнеп жүрген

    19.08.2026

    Тез байығысы келген қазақстандық әйел 10 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды

    18.08.2026

    Қостанай облысында 71 жастағы әйел төртінші қабаттан құлап қаза болды

    18.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.