Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астанада 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар әйелді ұсталды
    Жаңалықтар

    Астанада 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар әйелді ұсталды

    SalemnewsSalemnews20.06.202541 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Астанада полиция 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар әйелді ұстады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Елордада полицияға жергілікті тұрғын бейтаныс әйелге қатысты арызбен жүгінген.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы азаматшаны ұстады. Ол жылжымайтын мүлік алуға көмектесемін деген сылтаумен жәбірленушінің ақшалай қаражатын алдап алған.

    «Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әйел өзінің қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында ерекше «табыс табу жоспарын» ойлап тапқан. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, өзін риелтор ретінде таныстырып, тиімді шарттармен пәтер сатып алуға көмектесемін деп уәде берген. Өз үйі жоқ, жалдамалы пәтерде тұрып жатқан жәбірленуші оның ұсынысына сеніп, ақшасын берген», — деп жазылған хабарламада.

    Келтірілген материалдық шығын көлемі – 40 миллион теңге.

    Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктінің осындай 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    алаяқ Астана Полиция
    Previous ArticleҚасым-Жомарт Тоқаев өзінің немересі жайлы айтты
    Next Article «Атымды халық жауындай әшкерелеуге тырысқан екен»: Роза Мұқанова өзін сынаған Талғат Теменовке жауап берді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.