Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Атымды халық жауындай әшкерелеуге тырысқан екен»: Роза Мұқанова өзін сынаған Талғат Теменовке жауап берді
    Жаңалықтар

    «Атымды халық жауындай әшкерелеуге тырысқан екен»: Роза Мұқанова өзін сынаған Талғат Теменовке жауап берді

    SalemnewsSalemnews20.06.202582 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ресми парақшаларынан алынды

    Ұлттық киноны қолдау орталығы өткізген конкурстан өтпей қалған белгілі режиссер Талғат Теменов Facebook парақшасында орталықтың сарапшылар құрамына күмән келтіріп, соның ішінде Роза Мұқановаға да жеке сын айтқан, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бұл мәлімдемеге жауап ретінде жазушы-драматург Роза Мұқанова әлеуметтік желіде былай деп жазды:

    «Бұл жазбаға сөз шығындау арзан әрекет деп ойласам да, амал жоқ, менің атымды халық жауындай-ақ әшкерелеуге тырысқан екен. Жауап жазуға тура келді», — дейді ол.

    Мұқанова режиссердің ұсынысқа жолдаған сценарийінің бірқатар олқылықтарын тізіп көрсетті. Оның айтуынша, Теменов конкурсқа Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» пьесасының желісімен киносценарий ұсынып, оны пьеса қалпында жіберген. Сонымен қатар, драматургтің мәлімдеуінше, сценарийге М.Әуезовтің «Октябрь үшін» пьесасынан да үзінділер қосылып, екі бөлек шығарманы біріктіруге тырысқан.

    «Композициясын нақтылай алмаған, оқиғаны байланыстыру жолын шешпеген, финалды күңгірт қалдырған», – деп атап өтті Роза Мұқанова.

    Оның айтуынша, сценарийде қазақы салт-дәстүрге жат көріністер де кездескен. Мысалы, бір сахнада Қарагөз әжесінің алдында тыр жалаңаш күйінде бейнеленеді.

    Мұқанова бұл жайтты қатты сынға алып:«Мұндай көрініс қазақ актрисасы үшін де обал», – дейді.

    Сондай-ақ, ол сценарийдегі логикалық құрылым мен драматургиялық өрістің әлсіз екенін алға тартады:

    «Нарша мен Сырымның қақтығысы қайда қалды? Трагедияны трагедия етіп тұрған негізгі өзек мүлдем көмескіленген», – дейді автор.

    Жазушы әрі сарапшы ретінде ол сценарийді кәсіби тұрғыдан талдағандарын айтып, сарапшылар құрамының ашық түрде жарияланғанын еске салды.

    «400-ден астам сценарийді көз майымызды тауысып оқыдық. Әрқайсысы 100-200 беттен тұрады», – деп жазды ол.

    Сөз арасында Мұқанова Теменовтің өзіне қатысты тағы бір даулы мәлімдемесіне жауап берді. Бұған дейін Теменов Роза Мұқанованың «Сарра» және «Бопай ханым» пьесаларына көмектескенін айтып, пікір білдірген еді. Бұл жөнінде Мұқанова:

    «Сол пьесалар театр басшыларының тікелей тапсырысымен жазылды. Сіз оларды сахнаға шығармауға тырыстыңыз, бірақ труппа мен басшылық қарсы болды. Талғат! Сен Тёмнов болма! Репертуарға тек өз инсценировкаларыңды қоюға әуестеніп кеткеніңді бетіңе айтқаным үшін мені дұшпаның санаған шығарсың. Бірақ шығармашылық тұлға әділ, адал, шынайы болуы керек», – деді Роза Мұқанова.

    Роза Мұқанова Талғат Теменов
    Previous ArticleАстанада 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар әйелді ұсталды
    Next Article Ay Yola тобының солисі Forbes-тің рейтингіне енді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.