Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қостанайдағы жалғыз құс фабрикасы жабылу алдында тұр: кәсіпорын Президенттен көмек сұрауда
    Жаңалықтар

    Қостанайдағы жалғыз құс фабрикасы жабылу алдында тұр: кәсіпорын Президенттен көмек сұрауда

    «Poultry-Agro» қайта қалпына келтіруге 5,8 млрд теңге жұмсайды, оның ішінде 2,6 млрд теңге – «ҚазАгроҚаржыдан» активті сатып алуға кеткен.
    SalemnewsSalemnews22.05.202543 Mins Read
    Кадр из видео: www.instagram.com/p/DJ0gOyood6L
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қостанай облысында ондаған мың адамды сапалы етпен қамтамасыз етіп, жүздеген адамға жұмыс ұсынып отырған жалғыз ет бағытындағы құс фабрикасы жабылу алдында тұр. «Poultry-Agro» кәсіпорнының қызметкерлері Президент пен Бас прокуратураға ресми хат және бейнежолдау жолдап, кәсіпорынға жасалып жатқан қысымды тоқтатуды сұрады.

    Кәсіпорын жұмысы 2009 жылдан басталады. Сол кездегі «Комсомол құс фабрикасы» 3 млрд теңге көлемінде қаражатты «ҚазАгроҚаржы» ұйымы арқылы мемлекеттен алған. Алайда жоба сәтсіз аяқталды. Бастапқы инвестор Григорий Богдевич несиені заңсыз алып, мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыпталып, кінәсін мойындағаны үшін амнистияға ілікті. Бірнеше жылдан кейін, 2016 жылы ол мемлекеттік бюджеттен 70 млн теңге ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл шартты түрде сотталды. Бұдан кейін кәсіпорын қарыз есебінен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның балансына өткізілді.

    2020 жылы құс фабрикасы «Poultry-Agro» тарапынан сатып алынып, қайта жандандырылды. Сегіз жыл бойы бос тұрған кәсіпорынның барлық жарамды жабдығы ұрланған, істен шыққан күйде жаңа меншікке өтеді. «Poultry-Agro» қайта қалпына келтіруге 5,8 млрд теңге жұмсайды, оның ішінде 2,6 млрд теңге – «ҚазАгроҚаржыдан» активті сатып алуға кеткен.

    «Бұл – бизнес емес, қаңырап бос қалған ғимараттар еді. Қабырғалар ғана қалған, жабдықтар ұрланған, адамдарда сенім жоқ. Біз тәуекелге бел будық, миллиардтаған теңге салдық, осы өңірге және Қазақстанда адал бизнес жасауға болатынына сендік», – деп хабарлады бүгінгі кәсіпорын басшылығы.

    Бүгінде құс фабрикасы бұрынғы меншік иесі мен онымен байланысы бар тұлғалар тарапынан қысымға тап болып отыр. Бұрын сотталған инвестор Богдевич қазіргі иелерін рейдерлік жолмен тартып алды деп айыптады. Осыдан кейін тергеу шаралары кәсіпорын жұмысына кедергі келтіре бастады: қызметкерлер жаппай тергеуге шақырылып, тінтулер мен зерттеулер жиі өткізіледі.

    «Басшылық пен жұмысшылар тергеуге шақырылуда, фабрикада жиі тінтулер мен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Адамдар қорқынышпен жұмыс істеуде. Олар кәсіпорын тағы да тоқтап қала ма деп алаңдайды. Бұл – олардың жалғыз табыс көзі. Біз мемлекеттің активін заңды түрде сатып алып, оны қалпына келтіріп, жұмыс орындарын ашқанымыз үшін неге қудалауға ұшырап отырғанымызды түсінбейміз», – дейді кәсіпорын қызметкерлері.

    «Poultry-Agro» компаниясының ресми өкілі Михаил Усовтың айтуынша, бұл жағдай тек ұжымға ғана емес, бүкіл инвесторлар қауымына алаңдаушылық туғызуда. Себебі мемлекеттік мүлікті заңды түрде сатып алған кәсіпкердің өзі шексіз қылмыстық қудалауға ұшыраса, елімізде заң аясында бизнес жүргізу мүмкіндігіне күмән туады.

    «Егер инвестор мемлекеттен банкротқа ұшыраған активті адал жолмен сатып алып, оған миллиардтар салып, өндірісті қалпына келтіріп, салық пен жалақы төлеп отырса да, тоқтаусыз қылмыстық қысымға ұшыраса – бұл бүкіл инвестициялық климатқа қауіп төндіреді», – деді Усов.

    Кәсіпорын ұжымы мен басшылығы бұл жағдайды қысым ретінде бағалайды және оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бағытына қайшы әрекет деп есептейді.

    Еңбек ұжымы мен адал бизнестің мүддесін қорғауы тиіс прокуратура органдарының әрекеті түсініксіз. Керісінше, олар инвесторға қарсы тоқтаусыз қысым көрсетілуіне себепші болып отыр деп хабарлайды.

    Президенттің, Премьер-Министрдің, Бас прокурордың, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және «Атамекен» ҰКП-ның атына жолданған ресми хатта кәсіпорын ұжымы бұл істі ерекше бақылауға алып, тергеу барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуді және жүздеген жұмыс орнын, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған кәсіпорынға жасалып жатқан әкімшілік және қылмыстық-құқықтық қысымды тоқтатуды сұрайды.

    Кәсіпорын қызметкерлерінің Президентке жолдаған бейнежолдауының сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DJ0gOyood6L/

    Қостанай Құс фабрикасы
    Previous Article“Төмен пайызбен зейнетақы жинағын алып береміз” – БЖЗҚ ескерту жасады
    Next Article Единственная мясная птицефабрика в Костанае на грани закрытия: предприятие просит помощи у Президента
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.