Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»“Төмен пайызбен зейнетақы жинағын алып береміз” – БЖЗҚ ескерту жасады
    Жаңалықтар

    “Төмен пайызбен зейнетақы жинағын алып береміз” – БЖЗҚ ескерту жасады

    SalemnewsSalemnews22.05.202582 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен хабарландыру сайттарында зейнетақы жинағын шығарып беруге уәде ететін делдалдар көбейген. БЖЗҚ олардың әрекетіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабаралайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Делдалдар азаматтардың жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинағын төмен пайызбен шығарып береміз деп жарнама таратып жүр. Олар бұл қызметті кез келген санаттағы азаматқа ұсынамыз деп сендіреді.

    Бұған қоса, олар «жақын арада зейнетақы алу ережелері өзгереді» деген сылтаумен жалған ақпарат таратып, өздерін сенімді көрсету үшін БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың логотиптерін пайдаланады.

    БЖЗҚ ресми түрде былай деп мәлімдеді:

    Құрметті салымшылар! «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Сізді қырағы болуға шақырып, дербес деректеріңізді қорғау қажеттігін ескертеді. Соңғы уақытта интернет-алаяқтық жиілеп кетті. Олар өзін мемлекеттік орган немесе қаржы ұйымы қызметкері ретінде таныстырып, сіздің жеке мәліметтеріңізді алуға тырысады, – делінген қордың 21 мамырдағы хабарламасында.

    БЖЗҚ мынаны ескертеді:

    • Қор қызметкерлері ешқашан телефонмен қоңырау шалмайды;

    • ЖСН, жеке куәлік, банк картасы, SMS код немесе құпиясөз сұрамайды;

    • Қаражат бұғатталды деген сияқты мазмұндағы қоңырау шалмайды;

    • Барлық ресми ақпарат тек Қордың сайтында немесе жеке кабинетте ғана беріледі.

    Өзіңізді қорғаудың жолдары:

    • Өздерін БЖЗҚ немесе басқа мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырғандарға құпия деректеріңізді бермеңіз;

    • Ақпараттың рас-өтірігін www.enpf.kz сайты мен 1418 байланыс орталығы арқылы тексеріңіз;

    • Күмән тудырған жағдайда дереу тоқтатып, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

    Previous ArticleМәһрге 1 000 гр алтын сұраған блогер қызу талқыға түсті
    Next Article Қостанайдағы жалғыз құс фабрикасы жабылу алдында тұр: кәсіпорын Президенттен көмек сұрауда
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.