Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Киіз үй мен әткеншектер шаң басып тұр». 3 миллиард теңгеге салынған «Шымқала» кешені қирап жатыр
    Жаңалықтар

    «Киіз үй мен әткеншектер шаң басып тұр». 3 миллиард теңгеге салынған «Шымқала» кешені қирап жатыр

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин17.04.202512 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: видеодан скрин

    Шымкентте осыдан төрт жыл бұрын қолданысқа берілген «Шымқала» атты тарихи-мәдени кешен қирап жатыр. Кешен құрылысына бюджеттен шамамен 3 миллиард теңге жұмсалды. Бұл туралы salemnews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

    Салынағана небәрі төрт жыл болған кешеннің плиткалары құлап, ішкі әрлеуі жарылып, көшелерін арамшөп басқан. Келген туристер осы үшін ақша төлейді. Бұдан бөлек, бұл үлкен кешен құжаттары да жоқ болып шықты. 

    «Шымқала» тарихи-мәдени кешені көне қалашықтың орнында салынған. Бұл жерден археологтар ежелгі құрылыстардың бөліктерін тапқан. Алайда келушілер кешен құрылысының сапасыз екенін айтады. Кешендегі ең үлкен жарықтар мен қаптамасы түскен тұстарды көзге түспесін деп түрлі материалдармен жауып қойған. Кешеннің бір бөлігі болып саналатын этноауыл мүлде жабылып қалған. Ондағы киіз үйлер мен әткеншектер шетке ысырылып, шаң басып тұр. Туристер тартуы тиіс кешен осылайша қирап жатыр. Соған қарамастан, сырттан келген қонақтардан кешенге кіру үшін 1000 теңге төлем алынады.

    Кешен директоры құрылысты цитадельді жөндеу немесе қайта жаңарту үшін қаражат сұрау мүмкін емес екенін айтты. Себебі 4,5 гектар аумақты алып жатқан кешеннің жердің мемлекеттік актісінен басқа бірде-бір құжаты жоқ. Мұның қалай болғанын әкімдік те білмейді. Бірақ биыл барлық құжаттарды реттеу жоспарланып отыр. Ал сол құжаттар дайын болмай, жөндеу жұмыстары да басталмайды.

    “Бізде тек жердің мемлекеттік актісі ғана бар. Бұл жердің құжаттарының жоқтығына нысанның пайдалануға қабылдау актісінің болмауы себеп деген болжам бар. Бізде жаңадан салынған нысандарға да, қайта қалпына келтірілген ескерткіштерге де қатысты ешқандай құжат жоқ”, – дейді Шымкент қаласы музейлер бірлестігінің Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры Жандос Құрбан.

    Қазір кешен музейдің балансында тұр.

    бюджет кешен Шымқала
    Previous ArticleҚазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі анықталды
    Next Article Депутат утиль алым бойынша «РОП операторының» орнына келген компанияны сынға алды
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.