Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Өзекті мәселе»Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі анықталды
    Өзекті мәселе

    Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі анықталды

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин16.04.202531 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеу қажеттілігі туралы жалған хабарламалар арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлар көбейгенін мәлімдеді, деп жазды salemnews.kz

    Комитеттің мәліметінше, «шұғыл салық төлеу қажеттілігі туралы ескерту» деген тақырыптағы хабарламалар қазақстандықтарға электронды пошта мен WhatsApp мессенджері арқылы жіберіліп жатыр.

    Комитет салық төлеушілердің электрондық пошталарына ақпараттық жүйелер арқылы хабарлама жіберілмейтінін атап өтті. Мемлекеттік кірістер органдары хабарламаларды тек келесі тәсілдермен жібере алады:

    — Салық төлеушінің кабинеті арқылы;

    — Электронды үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы;

    — e-Salyq мобильді қосымшасы арқылы.

    «Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінен көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламаларды салық төлеуші КТС немесе ЭҮП арқылы қол қойылған PDF нұсқасын өзінің электрондық поштасына дербес сұрата алады», – делінген хабарламада.

    Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды абай болуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражаттарын аудармауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын мұқият тексеруге шақырды.

    алаяқтық Қазақстан
    Previous ArticleЕлордада екі күннен бері 17 жастағы бойжеткенді іздеп жатыр
    Next Article «Киіз үй мен әткеншектер шаң басып тұр». 3 миллиард теңгеге салынған «Шымқала» кешені қирап жатыр
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.2025

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.2025

    Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдердің тізімінде ТОП-50-ге кірді

    21.08.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.