Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылордада бес күннен кейін шетінеп кеткен сәбидің ата-анасы баланың өліміне дәрігерлерді кінәлайды
    Жаңалықтар

    Қызылордада бес күннен кейін шетінеп кеткен сәбидің ата-анасы баланың өліміне дәрігерлерді кінәлайды

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин16.04.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Видеодан скрин/Айгүл Үсенбайова/дәрігер Сәуле Жақанова

    Қызылордада сәби өмірге келіп, бес күннен кейін шетінеп кетті. Туғанда денсаулығы жақсы деп сендірген дәрігерлер сараптама нәтижесі баланың миында ісік барын көрсеткенін айтты. Ұлынан айырылған ата-ана болған жағдайға дәрігерлер кінәлі деп санайды. Бұл туралы salemnews.kz 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ерлі-зайыпты Дәулет пен Айгүл бір ай бұрын ұлды болдық деп қуанып, жақындарынан сүйінші сұраған. Өмірге келген нәрестеге Байжан деген есім қойып үлгеріпті. Алайда небәрі бес күн жарық дүниені көрген шақалақ шетінеп кеткен.

    Әйел ұлын кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелген. Алайда дәрігерлер баланың жатырда өкпесі қысылып қалғанын айтты деп отыр. Ал бес күн өткенде сәбидің денсаулығы күрт нашарлап, жансақтау бөлімінде жан тапсырған. Ал сараптама қортындысында баланың шетінеп кетуіне миындағы ісік себеп болғаны жазылған. Ерлі-зайыпты бұрын-соңды байқалмаған сырқат дәрігерлердің салғырттығынан пайда болуы мүмкін деп күдіктенеді.

    “Киіндіріп жатқан кезде ме, әлде былайынша уақыттарда ма қатты бір жерге қойып қалды басын. Болмаса ұрып алды. Әйтпесе ісік қайдан пайда болады? Сап-сау бала, ол қалай кетіп қалады деп едім. Неден болып жатқанын біз де түсінбедік деп отыр”, – дейді Айгүл.

    Ал Қызылордадағы “Ана мен бала” орталығындағы дәрігерлердің өз шындығы бар. Олардың айтуынша, баланың денсаулығында құрсақта жатқанда біткен ақауы болған.

    “Ұзақ құрсақ ішілік гепоксия негізінде бас ми ишемиясы диагнозы қойылып, жансақтау бөлімінде нәресте ем алды. Бұл оттегі жетіспеушілігі ғой. Соның негізінде полиорганды жетіспеушілік бас ми ісінуінен ем-домға қарамастан нәрестенің ағзасында қайтымсыз процестер болуы негізінен бала 11 наурыз күні шетінеп кетті”, – дейді Қызылорда облыстық ана мен бала перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Жақанова.

    Дәрігерлер нәрестені аман алып қалу үшін қолымыздан келгенін жасадық деп ақталып әлек. Алайда ерлізайыпты олардың сөзіне сенуден бас тартты. Сол себепті құзырлы органдарға дәрігерлердің үстінен шағым түсірмек.

    Қызылорда медицина
    Previous ArticleЛегионерлерге мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді
    Next Article Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.