Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
    Жаңалықтар

    Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин16.04.2025371 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып журналист тағайындалды

    Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бақытжан Омаров тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Бақытжан Омаров 1987 жылы дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық қатынастар» және «журналистика» мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2008 жылы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы тілшілер бөлімінің редакторы болып бастаған.

    • 2010-2011 жылдары – «Qazaqstan» Ұлттық телерадиокорпорациясының тілшісі.
    • 2011-2012 жылдары – «Qazaqstan» Ұлттық телерадиокорпорациясының тілшілер бөлімінің аға тілшісі.
    • 2012-2016 жылдары – ұлттық телеарнаның Түркиядағы меншікті тілшісі, Түркияның телерадиокорпорациясы «TRT»-нің жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі.
    • 2016-2018 жылдары – «Qazaqstan» Ұлттық телерадиокорпорациясының аға тілшісі, президенттік пул тілшісі.
    • 2018-2020 жылдары – «Хабар-24» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің бас редакторы.
    • 2020-2021 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі.
    • 2021-2025 жылдары – Түркияның Анкара қаласында орналасқан Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі қызметін атқарды.
    • 2025 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары қызметінде болды.

    Жаңа қызметінде ол қоғамдық даму, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, дене шынықтыру, спорт және туризм, мәдениет пен тілдерді дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді.

    Қызылорда тағайындау
    Previous ArticleҚызылордада бес күннен кейін шетінеп кеткен сәбидің ата-анасы баланың өліміне дәрігерлерді кінәлайды
    Next Article Ресейдің сыртқы істер министрі Тоқаевтың Донецк пен Луганск тәуелсіздігін мойындамағанына қарсы шықты
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.