Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Татьяна Ким Wildberries компаниясының бас директоры қызметінен кетті
    Жаңалықтар

    Татьяна Ким Wildberries компаниясының бас директоры қызметінен кетті

    SalemnewsSalemnews23.11.202602 Mins Read
    Фото: ТАСС
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Ресейдегі ең ірі маркетплейстердің бірі Wildberries компаниясының негізін қалаушы Татьяна Ким 20 жылдан астам уақыт атқарған бас директор қызметінен кетті. Кадрлық өзгеріс кәсіпкердің Еуропалық одақтың санкциялық тізіміне енгізілгенінен бірнеше күн өткен соң болды. 

    Алайда Татьяна Ким Wildberries пен Russ компанияларының бірігуінен құрылған RWB тобының стратегиялық дамуына жетекшілік етуді жалғастырады. Бұл туралы РБК басылымы хабарлады.

    Ресейдің заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміндегі мәліметтерге сәйкес, Татьяна Ким 2026 жылғы 18 қарашада «Вайлдберриз» ЖШҚ бас директоры қызметінен кеткен. Ал 19 қарашада компанияның жаңа бас директоры болып Алексей Куликов тағайындалған. Ол бұған дейін «ВБ Инжиниринг» және «Диджико» құрылымдарын да басқарған.

    “Кадрлық өзгеріс компанияның корпоративтік құрылымын қайта ұйымдастыруға байланысты. 2024 жылдан бастап «Вайлдберриз» ЖШҚ RWB біріккен тобының құрамына кіреді. Осы уақыттан бері маркетплейстің негізгі операциялық процестері аталған топтың басқаруына берілген”, – деп мәлімдеді RWB.

    Компания өкілдері заңды тұлғаның бас директорының ауысуы Татьяна Кимнің бизнестен кеткенін білдірмейтінін атап өтті. Сондай-ақ бұл өзгеріс маркетплейстің күнделікті жұмысына әсер етпейтінін мәлімдеді.

    Татьяна Ким Еуроодақ санкцияларынан кейін қызметінен кетті

    2026 жылғы 16 қарашада Еуропалық одақ Ресейге қарсы шектеу шаралары аясында Татьяна Кимді санкциялық тізімге енгізді. Екі күннен кейін ол «Вайлдберриз» ЖШҚ бас директоры қызметінен кетті.

    Дегенмен компания бұл кадрлық өзгерісті санкциялармен байланыстырмайды. RWB өкілдері шешім активтерді оңтайландыру және топ құрамындағы құрылымдар арасында жауапкершілікті қайта бөлу мақсатында қабылданғанын түсіндірді.

    RWB компаниясының меншік құрылымы да өзгерді

    Сонымен қатар RWB біріккен компаниясының меншік иелері құрамында да өзгерістер болды.

    Атап айтқанда, «Вайлдберриз» ЖШҚ-ның компаниядағы үлесі 65%-дан 45%-ға дейін азайған. Ал Russ жарнама операторының иелерімен байланысты «Стинн» ЖШҚ-ның үлесі 35%-дан 25%-ға дейін қысқарған.

    Компанияның жаңа қатысушылары ретінде екі жабық пайлық инвестициялық қор тіркелді. Олардың қатарында 17,5% үлесі бар «Томь» және 12,5% үлесі бар «Гало» қорлары бар.

    Wildberries Татьяна Ким
    Previous ArticleClimate vs Energy: Can Methane Emitted from Coal Mines Be Converted into Electricity?
    Next Article Калифорния Nvidia компаниясын Қытайға технология берді деген күдікпен тексеріп жатыр
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда Сайран көлінің маңынан қару мен оқ-дәрі табылды

    23.11.2026

    Калифорния Nvidia компаниясын Қытайға технология берді деген күдікпен тексеріп жатыр

    23.11.2026

    Climate vs Energy: Can Methane Emitted from Coal Mines Be Converted into Electricity?

    23.11.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 675 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.