Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Елордада «Студенттік қалқан-2026» жобасының жеңімпаздары анықталды
    Жаңалықтар

    Елордада «Студенттік қалқан-2026» жобасының жеңімпаздары анықталды

    SalemnewsSalemnews07.10.202682 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    6 қазанда Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен елордалық жастар арасында «Студенттік қалқан» жобасы ұйымдастырылды. Ауқымды әлеуметтік-мәдени жобаға елорданың 15-ке жуық жоғары оқу орнының студенттері қатысып, театрландырылған қойылымдарын көрермен назарына ұсынды.

    Іс-шара барысында Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев қатысушыларға сәттілік тілеп, жобаның мән-маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты – жастарды жат ағымдардың ықпалынан қорғау, елдің сананы мен адами құндылықтарды дәріптеу.

    – Астана қаласының әкімдігі жастарға, әсіресе студенттерге әрдайым ерекше көңіл бөледі. Биыл елордада алғаш рет осындай ауқымды жобаны ұйымдастырып отырмыз. «Студенттік қалқан», менің ойымша, жастар үшін өте пайдалы, өзекті әрі маңызды бастама болмақ.

    Екіншіден, «Студенттік қалқан» – «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттайтын, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жоба ғана емес. Бұл – шығармашылықтың, достық пен бірліктің алаңы, – деді Самат Ибраев.

    Байқау кезінде студенттер сахналық шеберлік арқылы жат ағымдардың зардабын, ұлттық тәрбие мен дәстүрлі құндылықтардың маңызын, еліміздің зайырлы мемлекет ретіндегі ұстанымын ашып көрсетті.
    Тартысты дода қорытындысы бойынша III орынды Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері, II орынды Амангелді Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының өнерпаздары иеленді. Ал I орын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне бұйырды.

    Қатысушылардың өнерін теология, мәдениет және медиа саласының мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Олардың қатарында QAZAQ Inclusive Theatre көркемдік жетекшісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Марина Тәңірберген, театртанушы, драматург Бахтияр Тұрсын, документалист, «Alashorda.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы Серік Жолдасбай, Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының менеджері Али Сейдулла және теолог Серікжан Еншібайұлы болды.

    Жоба аясында студенттер әзірлеген әлеуметтік бейнероликтер де көрсетілді. Бейнероликтер байқауының жеңімпаздары әлеуметтік желідегі қаралым көрсеткіші бойынша анықталады.

    Сонымен қатар шара соңында танымал «JASSTARS» тобы өнер көрсетіп, жастарға қолдау білдірді.

    Previous ArticleeGov GPT арқылы 100 мемлекеттік қызмет қолжетімді болады
    Next Article Енді несие алған қазақстандықтар одан 14 күн ішінде қайта бас тарта алады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.