Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Дания Қазақстанмен серіктестікті кеңейтеді
    Жаңалықтар

    Дания Қазақстанмен серіктестікті кеңейтеді

    SalemnewsSalemnews02.10.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенмен кездесті.
     
    Мемлекет басшысы Данияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропалық одақтағы сенімді серіктесі деп атады. Келесі жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады.

    Біз Данияны Еуропаның беделді және ықпалды мемлекеті және сенімді серіктес ретінде қарастырамыз. Екіжақты ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Аталған мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін тараптар осы бағытта белсенді әрі мақсатты түрде жұмыс істеуі қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытудың оң динамикасы атап өтілді. 

    Бұл ретте, Президенттің айтуынша, өзара ықпалдастықты тереңдету мүмкіндігі жеткілікті.
     
    Мемлекет басшысы Carlsberg компаниясының Алматы облысында маңдайалды инвестициялық жобаны қолға алғанын құптап, кәсіпорынның Қазақстанда тамақ өнеркәсібін ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

    Дания сыртқы саясат ведомствосының басшысы алдағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, осы жылдар ішінде еліміздің айтарлықтай табыстарға қол жеткізгеніне тоқталды.

    Бұдан бөлек, ол Данияның Қазақстанмен саяси диалогты одан әрі нығайтуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті екенін растады. 

    Қазақстан Орталық Азиядағы экономикасы ірі ел саналады. Мұнда Данияның көптеген компаниясы жұмыс істейді. Олар осы серіктестікті алдағы уақытта кеңейте түсуге қызығушылық танытып отыр, – деді Дания Сыртқы істер министрі.

    Дания Президент
    Previous ArticleҚазақстан қоржынына 12-алтын: таеквондодан Тамерлан Төлеулес чемпион атанды
    Next Article eGov GPT арқылы 100 мемлекеттік қызмет қолжетімді болады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.