Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Димаш Құдайберген «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысады
    Жаңалықтар

    Димаш Құдайберген «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова21.09.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафонына қатысып, оқырмандарға суретші әрі ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіковтің «Жизнь без рук» («Қолсыз өмір») автобиографиялық кітабын ұсынды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

    Димаштың айтуынша, ол марафонға байқаудан тыс «Парасат» санаты бойынша қатысып отыр. Әнші Қарағандыда Кәріпбек Күйіковпен кездескенін де атап өтті.

    «Кәріпбек ағамен кездесіп, оның қайсарлығы мен рух беріктігіне тәнті болдым», – деп жазды Димаш Құдайберген.

    Өнер иесі аталған кітаптың оқырманға ой салып, өмірге деген көзқарасына әсер ететініне назар аударған. Сондай-ақ ол оқу марафонының кітап оқуға, тағылым алуға және пікір алмасуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

    «Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафоны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.

    Previous Article«Міне, нағыз қалыңдық»: Қазақстандық қыз ұзату тойында бокс спаррингін өткізді
    Next Article Абай облысындағы өртті сөндіруге 226 адам мен 43 техника тартылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.