Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Абай облысындағы өртті сөндіруге 226 адам мен 43 техника тартылды
    Жаңалықтар

    Абай облысындағы өртті сөндіруге 226 адам мен 43 техника тартылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова21.09.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    ТЖМ

    Абай облысының Аягөз ауданында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Тарбағатай ауылдық округіне қарасты Қазанкемір учаскесінде таулы әрі жетуі қиын аумақта құрғақ шөп пен бұталар өртенген, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    ТЖМ хабарлауынша, өрт «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына тараған.

    Тілсіз жаумен күреске ТЖМ, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және жергілікті атқарушы органдардан 226-ға жуық адам мен 43 техника жұмылдырылған.

    Сондай-ақ өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» мен ҰҚК-нің екі тікұшағы тартылды. Әуеден 12 рет су төгілген.

    Өрт сөндіру жұмыстарына таулы аумақтың күрделі рельефі, тік беткейлер, өрт ошақтарына апаратын жолдардың болмауы және желдің екпіні кедергі келтіріп отыр.

    Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

    Жағдай жауапты қызметтердің бақылауында.

    Previous ArticleДимаш Құдайберген «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысады
    Next Article Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.