Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Балқашта оқушы қыздардың қауіпті әрекеті видеоға түсіп қалды
    Жаңалықтар

    Балқашта оқушы қыздардың қауіпті әрекеті видеоға түсіп қалды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова17.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    видеодан скриншот

    Балқаш қаласында екі мектеп оқушысының көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы терезеден балконға өтіп жүрген сәті видеоға түсіп қалды. Қауіпті әрекет әлеуметтік желіде тарап, полиция жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Желіде жарияланған кадрларданкішкентай қыздардың бір бөлменің терезесінен шығып, төртінші қабаттағы балконға өтуге әрекеттеніп жатқанын көруге болады.

    Видеоны түсірген әйел балалардың әрекетіне алаңдаушылық білдірген.

    «Бұл не деген сұмдық? Ата-анасы қайда қарап отыр? Кім баласын таныды, шұғыл шара қолданыңыздар», – дейді кадр сыртындағы әйел.

    Кейін оқиға туралы ақпарат Балқаш қалалық полициясына түскен. Тәртіп сақшылары балалардың кім екенін анықтаған.

    Полиция мәліметінше, олар қаладағы мектептердің бірінде оқитын 8 жастағы үшінші сынып оқушылары болып шыққан. Қыздар пәтер ішінде өздеріне ешқандай қауіп төнбегенін, ал терезеден балконға өтуді тек ермек үшін жасағандарын түсіндірген.

    Оқиғадан кейін балалардың ата-аналары бала тәрбиесі мен оларды бақылау жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Сонымен қатар полиция қызметкерлері оқушылармен профилактикалық әңгіме өткізіп, мұндай әрекеттің өмірге қаншалықты қауіпті екенін түсіндірген.

    Құқық қорғау органдары ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отыруға шақырды.

    Previous ArticleЗайсан көлінде қайық аударылып, екі балықшы суға кетті
    Next Article Алматыдағы көпқабатты үйден өрт шықты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.