Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Зайсан көлінде қайық аударылып, екі балықшы суға кетті
    Жаңалықтар

    Зайсан көлінде қайық аударылып, екі балықшы суға кетті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова17.09.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    pexels.com

    Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінде балықшылар мінген қайық аударылып, екі адам із-түссіз жоғалды. Қазір құтқарушылар оларды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    КТК телеарнасының жазуынша, оқиға Тұғыл ауылдық округі аумағында болған. Үш азамат балық аулау үшін көлге шыққан кезде қатты дауыл соғып, қайық төңкеріліп кеткен.

    Жергілікті тұрғындар 58 жастағы балықшыны жағаға аман алып шыққан. Ал оның жанында болған 58 және 31 жастағы екі адам суға кеткен.

    Құтқарушылардың мәліметінше, балықшылардың үстінде құтқару кеудешесі болмаған.

    Іздеу жұмыстарына қайықтар, су асты дроны, эхолот және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

    «ТЖД жедел штаб құрды. Қайық, су асты дроны, эхолот және дронмен іздеп жатыр. Күн райының қолайсыздығы қиындық тудырып жатыр», – деді ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ерік Тұрсынғалиев.

    Іздеу-құтқару жұмыстары ауа райының қолайсыздығына қарамастан жалғасып жатыр.

    Previous Article«Асыға күтемін»: Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне сүйінші жаңалығын айтты
    Next Article Балқашта оқушы қыздардың қауіпті әрекеті видеоға түсіп қалды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.