Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Кітап оқитын ұлт» марафонына миллион адам қосылды
    Жаңалықтар

    «Кітап оқитын ұлт» марафонына миллион адам қосылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова14.09.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    «Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафонының ресми сайтында миллионыншы қатысушы тіркелді. Осылайша, жобаға Қазақстанның барлық өңірінен 1 миллион адам қосылды., деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Марафонға мектеп оқушылары мен студенттер, мұғалімдер мен ата-аналар, кітапханашылар, мемлекеттік қызметшілер, түрлі сала мамандары және тұтас отбасылар қатысып жатыр.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрсеткіш жай ғана тіркелгендер санын білдірмейді. Оның артында кітап оқуға қызығушылық танытып, білім мен дамуды таңдаған миллион оқырман тұр.

    Жоба аясында қатысушылар кітап оқып қана қоймай, шығармаларды талқылап, өз әсерлерімен және жаңа идеяларымен бөліседі. Марафонның басты мақсатының бірі – оқу мәдениетін қалыптастырып, кітапты адамдарды біріктіретін ортақ құндылыққа айналдыру.

    Марафонға отбасылардың, мектептер мен түрлі ұжымдардың белсенді қатысуы да ерекше маңызға ие. Кітап оқу арқылы жасы мен кәсібі әртүрлі адамдардың басын қосуға мүмкіндік туады.

    «Кітап оқитын ұлт» жобасының ұйымдастырушылары миллион қатысушыға алғыс айтып, бұл көрсеткіштің бастамасы ғана екенін атап өтті.

    «Біз қазірдің өзінде 1 000 000 адамбыз. Алда – бұдан да көп кітап, оқырман және тарих бар», – делінген жоба хабарламасында.

    Previous ArticleАлматы циркінің өнерпаздары екі халықаралық жүлде жеңіп алды
    Next Article Қарағандыда Ұлттық ұлан оркестрі карусельге мініп, ерекше концерт қойды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.