Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматыда көршісінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен ер адам жол апатына ұшырады
    Жаңалықтар

    Алматыда көршісінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен ер адам жол апатына ұшырады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова15.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    pexels.com

    Алматыда бес көлік соқтығысқан жаппай жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа көршісінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен ер адам себеп болған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында Үлкен Алматы каналының бойында болған.

    Полицияның алдын ала дерегіне сәйкес, Nissan көлігінің жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, Сарбастау көшесінен батысқа қарай рөлге ие бола алмай, алдында келе жатқан Mitsubishi көлігіне соғылған.

    Соққының салдарынан инерция бойынша тағы бірнеше автокөлік соқтығысып, апатқа барлығы бес машина қатысқан.

    «Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan көлігінің жүргізушісі Үлкен Алматы каналының бойымен шығыс бағытта келе жатып, Сарбастау көшесінен батысқа қарай рөлге ие бола алмай, алдында келе жатқан Mitsubishi көлігіне соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан инерция бойынша тағы бірнеше көлік соқтығысты», – деп хабарлады полиция.

    Nissan және Mitsubishi көліктерінің жүргізушілері медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген.

    Тексеру барысында Nissan көлігін басқарған ер адамның машинаны көршісінен заңсыз алып кеткені анықталған.

    Осы дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы көлікті заңсыз иемденіп, айдап әкету фактісімен қылмыстық іс қозғады.

    Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Әлеуметтік желілерде апат орнынан түсірілген видеолар да тарады.

    Previous Article«Оңай емес»: Азамат Сатыбалды жеке өмірі туралы құпияны ашып айтты
    Next Article 30 жыл бойы құрбы болған екі әйел туған әпкелі-сіңлі болып шықты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.