Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»30 жыл бойы құрбы болған екі әйел туған әпкелі-сіңлі болып шықты
    Жаңалықтар

    30 жыл бойы құрбы болған екі әйел туған әпкелі-сіңлі болып шықты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова16.09.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    bbc.com

    Үндістанда дүниеге келіп, кейін Нидерландтағы екі бөлек отбасы асырап алған Мина Гелтинк пен Минал Тейссен 30 жылдан астам уақыт бір-бірін жақын құрбы деп келген. Алайда 2026 жылы тапсырған ДНҚ тесті олардың туған әпкелі-сіңлі екенін анықтады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    BBC мәліметінше, Мина мен Минал 1980-жылдардың басында Мумбайдағы екі түрлі балалар үйінен бірнеше ай айырмашылықпен асырап алынған.

    Екеуі алғаш рет жасөспірім кезінде, асырап алынған балаларға арналған кездесуде танысқан. Сол кезде-ақ олардың сырт келбеті мен күлкісінің ұқсастығы достарын таңғалдырған.

    Мина да Миналды алғаш көргенде оның мұрны мен күлкісі өзіне ұқсайтынын байқағанын еске алады. Кейін қыздар байланысын үзбей, бірнеше жыл бойы хат жазысып, бір-бірін әзілдеп «әпкем» және «сіңлім» деп атай бастаған. Олар мектеп, музыка, достар және жеке өмірі туралы жиі сырласқан. Тіпті екеуінің де Backstreet Boys тобына қызығатыны белгілі болған.

    Алайда шамамен 15 жыл бұрын олардың араласуы тоқтап қалған. Минал Францияға көшкен, ал Мина отбасын құрып, бала тәрбиесімен айналысқан. 2017 жылы Мина ДНҚ арқылы туыстарды табуға болатынын біліп, тест тапсырғанымен, сол кезде ешқандай сәйкестік анықталмаған.

    2026 жылдың мамырында оған Минал Facebook арқылы хабарласып, өзінің ДНҚ тестінің нәтижесін жіберген. Мина қосымшаға қайта кіріп, нәтижені тексергенде, жүйе олардың «толық әпке-сіңлі» екенін көрсеткен.

    «Нәтижеде «толық әпке» деген жазу тұрды. Бұл біздің туған әкеміз де, туған анамыз да бір екенін білдіреді», – деді Мина.

    Ол бұл жаңалықты білген сәтте көзіне жас алғанын айтады.

    «Біз бір-бірімізді бұрыннан «әпке-сіңлі» деп атайтынбыз. Сөйтсек, шынымен де апалы-сіңлі екенбіз», – дейді ол.

    ДНҚ нәтижесінен кейін екі әйел қайта кездесіп, бір-бірінің отбасыларымен танысқан. Қазір олар жиі сөйлесіп, мінезі, қимылы және сөйлеу мәнерінде де көптеген ұқсастық бар екенін байқап жүр.

    Мина қазір үш баланың анасы, ал 44 жастағы Минал Францияда серіктесі және екі ұлымен бірге тұрады. Енді туған әпкелі-сіңлі атанған екі әйел бірге Үндістанға барып, өздері дүниеге келген Мумбай қаласын аралауды жоспарлап отыр.

    Previous ArticleАлматыда көршісінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен ер адам жол апатына ұшырады
    Next Article Байларға 3% салық салу 30 млн адамның өмірін сақтап қалады — зерттеу
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.