Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Шетел азаматы Қазақстанда 6 жылға бас бостандығынан айырылды
    Жаңалықтар

    Шетел азаматы Қазақстанда 6 жылға бас бостандығынан айырылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова08.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    polisia.kz

    Батыс Қазақстан облысында есірткі таратқаны үшін 33 жастағы шетел азаматы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Polisia.kz мәліметінше, күдіктіні БҚО полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде ұстаған.

    Тәртіп сақшылары ер адамды есірткі заттарын жасырып жүрген сәтінде қолға түсірген. Жеке тінту барысында одан ерекше иісі бар ұнтақ салынған 12 орама мен екі ұялы телефон тәркіленді. Кейін тексеру кезінде осыған ұқсас зат салынған тағы 13 орама табылған. Сотқа дейінгі тергеу барысында шетел азаматының интернет арқылы есірткі сататын дүкенде курьер болып жұмыс істегені анықталды.

    Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екенін көрсеткен. Қылмыстық істі қараған сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Previous Article«Құттықтап қойсаңыздар болады»: Димаш Құдайберген өнердегі інісіне ерекше сый жасады
    Next Article «Қазір жұмыс осы»: Сәкен Майғазиев немересімен видео жариялады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.