Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Құттықтап қойсаңыздар болады»: Димаш Құдайберген өнердегі інісіне ерекше сый жасады
    Жаңалықтар

    «Құттықтап қойсаңыздар болады»: Димаш Құдайберген өнердегі інісіне ерекше сый жасады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова08.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    instagram.com/oralov01

    Актер Кемеңгер Орал туған күнінде Димаш Құдайбергеннен ерекше сыйлық алды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Ол әлеуметтік желідегі парақшасында танымал әншінің өзіне көлік сыйлағанын айтып, қуанышымен бөлісті.

    Кемеңгер Оралдың сөзінше, туған күні мен премьерасы қатар келген сәтте Димаштың тосынсыйы бұл күнді одан әрі ерекше еткен.

    «Аға, сізбен бірге жүрген осы уақыт ішінде көп нәрсе үйрендім. Әрдайым қолдау көрсетіп, сенім білдіріп, еңбегімді бағалап келе жатқаныңыздың өзі мен үшін үлкен бақыт. Бұл сыйлықты маған деген сеніміңіздің, адам әрі аға ретінде әрдайым қолдап жүргеніңіздің белгісі деп білемін», – деп жазды актер.

    Сондай-ақ Кемеңгер Орал Димаш Құдайбергенмен бірге жүріп, өнер жолындағы маңызды сәттерге куә болуды өзі үшін үлкен мәртебе санайтынын жеткізді.

    «Ағайын, легендадан көлік алдым сыйлыққа. Құттықтап қойсаңыздар болады! Әуелі Алла, сосын сізге рақмет, аға!» – деп жазды ол.

    Актер Димаш Құдайбергенге көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс білдірді.

    Previous ArticleТрамптың ұлы мен қазақстандық блогер Моңғолия тауларында адасып кеткен
    Next Article Шетел азаматы Қазақстанда 6 жылға бас бостандығынан айырылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.