Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақтауда жол үстіндегі төбелес видеоға түсіп қалды
    Жаңалықтар

    Ақтауда жол үстіндегі төбелес видеоға түсіп қалды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова09.09.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Lada.kz

    Ақтауда жүргізуші мен жас жігіттің арасында болған төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Lada.kz жазуынша, оқиға 9 қыркүйек күні кешкі уақытта 26-шағынаудандағы №31 үйдің артындағы жолда болған.

    Бейнежазбадан ер адамның жас жігітке жақындап, оны ұра бастағаны, кейін жерге құлатқаны көрінеді. Осы сәтте өзге жүргізушілер араша түсіп, жанжалдасушыларды ажыратуға тырысқан.

    Кейін жас жігіт күртесін алып, көлікке отырған. Кадрларға қарағанда, ол осы көліктің жолаушысы болуы мүмкін. Жүргізуші жолаушылар есігіне барып, оны көліктен шығаруға әрекет жасаған. Біраз уақыттан соң оған тағы бір ер адам көмектескен.

    Осыдан кейін жас жігіт жүргізушінің басынан ұрған. Куәгерлер оларды қайта ажыратқанымен, жанжал мұнымен аяқталмаған.

    Бірнеше минуттан кейін екеуінің арасында тағы да төбелес басталып, бірнеше адам оларды әрең ажыратқан. Жүргізуші кейін көлікке отырып, кетер алдында жас жігіттің сырт киімін көліктен лақтырып жіберген.

    Алайда жас жігіт көлікті жол қиылысында қуып жетіп, есігін қағып, тұтқасын тартқан. Жүргізуші тағы да көліктен шыққан. Сол сәтте куәгерлердің бірі жігітті шетке алып кетіп, жүргізушіге кетуге белгі берген.

    Lada.kz редакциясына хабарласқан куәгерлердің айтуынша, оқиғадан кейін жас жігітті полиция алып кеткен. Ал жанжалға қатысқан жүргізуші көлігімен кетіп қалған.

    Полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта жәбірленуші арыз жазып жатыр.

    Previous Article«Айгүл» ансамблінің негізін қалаған белгілі әнші 81 жасында өмірден өтті
    Next Article Қостанай облысында 600 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.