Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қостанай облысында 600 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді
    Жаңалықтар

    Қостанай облысында 600 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова09.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    ТЖМ

    Қостанай облысының Денисов ауданында бір тәулік ішінде бірнеше өрт тіркелді. Тілсіз жау шамамен 600 гектар аумақты қамтыған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 8 қыркүйекте Гришенка және Қараоба ауылдарының маңында құрғақ шөп өртенген.

    Өртті сөндіруге 70-тен астам адам мен 15 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ ТЖМ-нің ұшқышсыз ұшу аппараты, жергілікті атқарушы органдардың күштері, «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымдары және «Қазақстан темір жолы» компаниясының өрт сөндіру пойызы тартылған.

    Антоновка ауылында да құрғақ шөп өртеніп, жалын үш жеке үйдің ауласындағы шаруашылық құрылыстарға және екі тұрғын үйдің шатыр астындағы бөлігіне ішінара тараған.

    Бұл аумақтағы өрт 200 шаршы метр жерде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

    Сондай-ақ Георгиевка ауылында өрт шығып, тұрғын емес үй мен шаруашылық құрылыстарын шарпыған. Жалын шамамен 80 шаршы метр аумақта сөндірілді.

    ТЖМ мәліметінше, барлық өрт оқиғаларында зардап шеккендер тіркелмеген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

    Previous ArticleАқтауда жол үстіндегі төбелес видеоға түсіп қалды
    Next Article «АЛСЕКО»: Тұрғындар нені білуі керек?
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.