Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»16 мыңнан астам қазақстандық қайтыс болғаннан кейін ағза доноры болуға келісім берген
    Жаңалықтар

    16 мыңнан астам қазақстандық қайтыс болғаннан кейін ағза доноры болуға келісім берген

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова23.07.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com


    Қазақстанда 172 мыңнан астам азамат қайтыс болғаннан кейін ағза донорлығы мәселесіне қатысты өз ұстанымын ресми түрде білдірді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының директоры Айдар Ситқазинов мәлімдеді.

    Оның айтуынша, қазақстандықтар соңғы уақытта қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығы мәселесіне қатысты өз таңдауын жиі тіркей бастады.

    – Бүгінде әрбір азамат қайтыс болғаннан кейін ағза донорлығы мәселесіне қатысты өз ұстанымын өз бетінше анықтай алады – келісім беруіне де, бас тартуына да мүмкіндік бар. Ол үшін eGov.kz порталы арқылы өзінің ерік білдіруін тіркеу жеткілікті, – деді Айдар Ситқазинов.

    Қазіргі уақытта жүйеде 172 283 шешім тіркелген. Оның ішінде 16 109 адам қайтыс болғаннан кейін ағза доноры болуға келісім берген, ал 156 174 азамат донорлықтан бас тартқан.

    – Ағза донорлығы мәселесі қоғамның сенімі мен хабардар болуын талап етеді. Сондықтан біз түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды күшейтіп келеміз, – деді орталық директоры.

    Previous ArticleРудныйда 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды
    Next Article Пәкістанда нөсерден қаза тапқандар саны 37 адамға жетті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.