Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«16 жыл ғұмыр кештік, қазір бөтен адамға айналды»: Мақпал Қаратай бұрынғы жұбайы жайлы айтты
    Жаңалықтар

    «16 жыл ғұмыр кештік, қазір бөтен адамға айналды»: Мақпал Қаратай бұрынғы жұбайы жайлы айтты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова21.07.202612 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: видеодан скриншот


    Экс-журналист, танымал блогер Мақпал Қаратай Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында бұрынғы жары Ержанар Әшейханмен ажырасуы жайлы баяндап берді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    «Ажырасқаныма 5 жыл болды. Бес жыл бұрын мен оған «Ержанар, мен сенің отбасыңмын. Сені күтіп отыратын отбасың бар екенін әрдайым біліп жүр. Осы үш балаңмен сені күтемін. Мен сені түсінемін. Жиырмадан асқан жасыңда үйлендің. Әлі бойыңдағы желік басылмаған шығар. Бес жыл жүр, көр, әлемді арала, қыздарға бар, қыдыр, құмарыңды қандыр. Мен сені күтіп отырамын. Бес жылдан кейін қайтып келсең қабылдаймын» дедім. Сол кезде ол «Мақпал, менің саған ешқандай ренішім жоқ. Бірақ сенің өмірің сенікі, менің өмірім менікі. Сондықтан екеуміз бір-біріміздің өмірімізге келмейік. Өз өміріңді сүр, мен, өз өмірімді сүрем. Мен ол әйелді сүйем. Екеуміз бір-бірімізден алшақтайық» деді. Бес жылда өзімнің осыншалықты өзгеріп кететінімді өзім де білмей қалдым. Қазір болатын болса ол сөзді айтпас едім», — дейді Мақпал Қаратай.

    Ол сондай-ақ бұрынғы жарына қазір сезімі суығанын да жеткізді.

    «Мен қазір оған ашуланбаймын, жек көрмеймін де, жақсы да көрмеймін. Ол менің өткен өмірім. Бөтен адамға айналды. Көрген кезде сәлемім түзу, бірақ бес жыл болды көрген жоқпын. Балаларға арасында келеді. Мен «үйге кірсеңші» деп шақырамын. Бірақ ол мені көруге дайын емес сияқты. 16 жыл ғұмыр кештік. Бір күні ересек адамдар сияқты бір-бірімізге тура қарап, шай ішеміз деп ойлаймын», — деді ол.  

    Previous ArticleБелкөлдің даму бағыты: инфрақұрылымнан қоғамдық кеңістікке дейін
    Next Article Терезеден құрылыс қалдықтарын лақтырған тұрғынға айыппұл салынды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.