Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ Түркияда ұсталды
    Жаңалықтар

    Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ Түркияда ұсталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова17.07.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Polisia.kz


    Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 30 жастағы Қазақстан азаматын Түркия Республикасында ұстады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының және Қазақстан Республикасы ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Анталья қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 30 жастағы Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.

    Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті 2021 жылдың тамызы мен қыркүйегі аралығында сыбайластарымен алдын ала сөз байласып, азаматтардың сеніміне кіріп, 6 миллион теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иемденген.

    16 шілдеде күдікті Түркия Республикасынан Қазақстанға депортацияланды. Оны елге қайтаруға Қазақстанның Анталья қаласындағы Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ықпал етті.

    Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген төрт адамды ұстады. Қылмыстық істер материалдарына сәйкес, олардың әрекеттерінен келтірілген жалпы материалдық шығын 568 миллион теңгені құрады.

    Previous ArticleЖас футболшы Кәрім Меңдіқанов ресми түрде «Барселона» ойыншысы атанды
    Next Article Шығыс Қазақстан тұрғыны көшеде көз жұмды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.