Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Таразда кесарь тілігінен кейін жағдайы күрт нашарлаған бес баланың анасы көз жұмды
    Жаңалықтар

    Таразда кесарь тілігінен кейін жағдайы күрт нашарлаған бес баланың анасы көз жұмды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова10.07.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: pixabay.com


    Тараз қаласында облыстық перинаталдық орталықта кесарь тілігі арқылы босанған 37 жастағы әйел көз жұмды. Марқұмның туыстары оның өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп есептейді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    КТК телеарнасының мәліметінше, әйел отадан кейін екі күн өткен соң қызуы көтеріліп, жағдайы күрт нашарлаған. Дәрігерлер оның қанға түскен қауіпті инфекциядан зардап шеккенін айтқан. Он күннен астам уақыт жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан келіншек қайтыс болды.

    Марқұмның туыстарының айтуынша, ол перзентханаға дені сау күйінде өз аяғымен барған. Сондай-ақ олар дәрігерлер кесарь тілігін жасау үшін ақша талап етті деп мәлімдеп отыр.

    Отбасы әйелдің соңғы күндерінің бірінде күйеуіне жазып қалдырған жазбасын да көрсетті. Онда ол өзін басқа ауруханаға ауыстыруды сұрап, жағдайының ауыр екенін жеткізген.

    Марқұмның жақындары қауіпті инфекцияны әйел перзентханада жұқтырған деп санайды. Олардың сөзінше, дүниеге келген нәрестенің денсаулығы жақсы. Сондықтан инфекция жүктілік кезінде болған деген болжаммен келіспейді.

    «Өз аяғымен алып келдім. Жағдайы жақсы болатын. Бұған дейін төрт баласын өзі босанған. Бесіншісінде кесарь тілігін жасап, осындай жағдайға душар болды», – дейді марқұмның күйеуі Елдос Есеев.

    Ал Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана өліміне байланысты арнайы жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.

    Ведомствоның мәліметінше, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті тексеру жүргізеді. Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тергеуді бастайды.

    Мамандардың айтуынша, әйелдің өліміне нақты не себеп болғаны сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін белгілі болады.

    Марқұмның артында бес баласы қалды. Бұл – биыл Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында тіркелген екінші ана өлімі.

    Previous ArticleАстанадағы мешітте намаздан кейін ұйықтап жатқан адамның телефонын біреу ұрлап кеткен
    Next Article «Алып кетші, өлетін болдым»: Таразда перзентханада көз жұмған әйелдің соңғы жазбасы жария болды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.