Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астанадағы мешітте намаздан кейін ұйықтап жатқан адамның телефонын біреу ұрлап кеткен
    Жаңалықтар

    Астанадағы мешітте намаздан кейін ұйықтап жатқан адамның телефонын біреу ұрлап кеткен

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова10.07.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: видеодан скриншот


    Астанада мешітке таң намазына келген ер адамның ұялы телефоны ұрланды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам намазын оқып болғаннан кейін мешіт ішінде демалмақ болған. Ол телефонын жанына қойып, қуаттауға қосқан соң ұйықтап кеткен.

    Осы сәтті пайдаланған басқа келуші айналасындағылардың назар аудармай тұрғанына көз жеткізіп, қараусыз қалған телефонды алып, мешіттен шығып кеткен.

    Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол сол күні ұсталған.

    Полицияның хабарлауынша, күдікті 25 жастағы ер адам болып шыққан. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға және жеке мүлкінің қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырды.

    Previous ArticleАлматыдағы Баум тоғайында үстіне ағаш құлаған 19 жастағы қыз қайтыс болды
    Next Article Таразда кесарь тілігінен кейін жағдайы күрт нашарлаған бес баланың анасы көз жұмды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.