Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстан балуандары Моңғолиядағы турнирде үш қола жүлде жеңіп алды
    Жаңалықтар

    Қазақстан балуандары Моңғолиядағы турнирде үш қола жүлде жеңіп алды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова05.06.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    olympic.kz


    Күрес түрлерінен Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирдің кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Үш жүлденің барлығы қола медаль.

    Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Еркебұлан Ардақов қола медаль үшін өткен белдесуде оңтүстіккореялық Хёнун Чхведен басым түсті.

    130 келіге дейінгі салмақта Олжас Сырлыбай үндістандық Джогиндер Ратхиді сенімді жеңіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

    Ал әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта Нилуфар Раимова сингапурлық Даниэль Сью Чинг Лимді жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

    Өкінішке қарай, 50 келіге дейінгі салмақта Марал Тәңірбергенова қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды.

    Сондай-ақ 72 келіге дейінгі салмақтағы Жәмила Бақбергенова жарысты мерзімінен бұрын аяқтады. Ол қола жүлде үшін күресуі тиіс болған. Алайда федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық балуан жарақат алып, жарыстан шығып қалды.

    Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің өкілі Нұрасыл Аманалы (97 келіге дейін) күміс жүлдегер атанған еді.

    Previous Article«Қайрат» Дастан Сәтпаевты қашан шығарып салатынын жариялады
    Next Article Оралда алкоголь өнімдерін заңсыз сатқандар ұсталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.