Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Қайрат» Дастан Сәтпаевты қашан шығарып салатынын жариялады
    Жаңалықтар

    «Қайрат» Дастан Сәтпаевты қашан шығарып салатынын жариялады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова05.06.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    «Қайрат» футбол клубы. Суретте: Дастан Сәтпаев


    Алматылық “Қайрат” клубы жас шабуылшы Дастан Сәтпаевтың команда сапындағы соңғы ойындары қашан өтетінін жариялады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Клубтың мәліметінше, Қазақстан чемпионаты аясында 13 және 17 маусым күндері өтетін “Атырау” мен “Қызылжарға” қарсы кездесулер Сәтпаевтың Лондонның “Челси” клубына аттанар алдындағы “Қайрат” жейдесіндегі соңғы матчтары болмақ.

    17 маусымда “Қызылжарға” қарсы ойыннан кейін Алматыдағы Орталық стадионда футболшымен қоштасу рәсімі ұйымдастырылады.

    “Бұл кездесулер біздің түлегіміз үшін лондондық “Челсиге” ауысар алдындағы “Қайрат” құрамындағы соңғы ойындар болмақ. “Қызылжармен” матчтан кейін Орталық стадионда шабуылшымызға арналған қоштасу рәсімі өтеді”, – делінген клуб хабарламасында.

    Еске салайық, Дастан Сәтпаевтың “Челсиге” трансфері 2025 жылдың ақпанында рәсімделген еді. Алайда футболшы кәмелет жасына толғанға дейін Англия клубының сапына қосыла алмайтыны айтылған.

    Бұған дейін белгілі инсайдер Фабрицио Романо Сәтпаевтың “Челсимен” келісімшартқа отырғанын хабарлап, бұл трансферді Қазақстан футболы тарихындағы рекордтық мәміле деп атаған. Оның дерегінше, “Қайрат” өз тәрбиеленушісі үшін 4 миллион еуро табыс табуы мүмкін.

    Дастан Сәтпаев “Қайраттың” жастар командасында жүрген кезінен-ақ еуропалық скауттардың назарына іліккен. Ол 16 жасында Қазақстан чемпионатында негізгі құрам сапында дебют жасады.

    Қазір жас футболшының еншісінде Чемпиондар лигасының іріктеу және жалпы кезеңдеріндегі голдар, Қазақстан Премьер-лигасындағы 19 доп, екі чемпиондық атақ және ұлттық құрама тарихындағы ең жас гол авторы деген мәртебе бар.

    Previous ArticleҚазақстан ескек есуден Азия чемпионатында 4 алтын медаль еншіледі
    Next Article Қазақстан балуандары Моңғолиядағы турнирде үш қола жүлде жеңіп алды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.