Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Шаһарда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа маусымы басталды
    Жаңалықтар

    Шаһарда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа маусымы басталды

    SalemnewsSalemnews29.05.202632 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қазақстандағы мектеп оқушылары мен студенттерді жазғы маусымдық еңбекке және экологиялық бастамаларға тартатын арнайы жастар еңбек жасағы биыл Қызылорда қаласында бастау алды. «Қорқыт ата» мемориалды аллеясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының кезекті еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Ашылу салтанатына облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер, еңбек жасақтарының сарбаздары және белсенді жастар қатысты.

    Салтанатты жиында басқарма басшысы жастарды жаңа еңбек маусымының басталуымен құттықтап, «Жасыл ел» жобасының қоғамдағы маңызы мен тәрбиелік мәніне ерекше тоқталды.

    Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, туған жерді таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жастармен тұшымды ой-пікірлерімен бөлісті.

    «Жасыл ел» – бұл тек маусымдық жұмыс немесе уақытша еңбек алаңы ғана емес. Бұл – жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыратын маңызды қоғамдық бастама.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы, дамуға ұмтылған кез келген елдің мызғымас ұстанымы. Ақ пейілмен, түзу ниетпен қолға алған әрбір іс берекелі болады» деп атап өткен болатын.

    Бүгінде «Жасыл ел» сарбаздары қажетті арнайы киімдермен, құрал-жабдықтармен және еңбекке қажетті барлық жабдықтармен толық қамтамасыз етілуде.

    Бұл – жастардың қауіпсіз әрі нәтижелі еңбек етуіне жасалған нақты қолдау. Сіздерді туған жеріміздің гүлденуі жолында аянбай еңбек етуге, табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және қоғамдық тазалық мәдениетін қалыптастыруға шақырамын», – деді Руслан Мұхамедәліұлы.

    Шара барысында жастарға арнайы еңбек құралдары мен қажетті жабдықтар табысталды.

    Сонымен қатар, еңбек жасақтарының мүшелері «Қорқыт ата» мемориалды аллеясы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, абаттандыру ісіне белсенді атсалысты.

    Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасына белсенді қатысып жүрген бірқатар жастар облыс әкімінің арнайы «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

    Айта кету қажет, «Жасыл ел» жобасы жастарды маусымдық жұмыспен қамтып қана қоймай, оларды еңбекке баулу, туған жерге жанашырлықпен қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында маңызды рөл атқарып келеді.

    Бүгінде бұл бастама жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, ел дамуына өз үлесін қосатын маңызды әлеуметтік жобаға айналды.

    Қамысқала Қызылорда
    Previous ArticleКоммуналдық сала – қала көркеюінің негізі
    Next Article Алматыда Мұхтар Шахановтың рухына арналған 40 күндік ас берілді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.