Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылорда қаласында Ботаникалық бақ ашылады
    Жаңалықтар

    Қызылорда қаласында Ботаникалық бақ ашылады

    SalemnewsSalemnews31.05.202622 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Жуырда қаланың экологиялық болмысын жаңғыр­туға бағытталған бірегей жоба – Ботаникалық бақтың құрылысы аяқталмақ. Көптен күткен жоба маусым айында халық игілігіне беріледі. Жаңа бастама несімен маңызды? Ел күткен жобада нендей ерекшеліктер болады? Талдап көрейік.

    Ботаникалық бақ Президент саябағы аумағында орналасқан. Құрылысы былтыр басталған заманауи көпфункционалды кешенге 4,9 млрд теңге жұмсалыпты, 2,41 гектар аумақта орналасқан. Бас мердігер «Alem Qurylys AQ» ЖШС жылға жетпейтін уақытта экологиялық мәдениетті қалыптастыратын нысанды салып бітірмекші.

    Ботаникалық бақ – экологиялық танымды, туризмді дамытуға және жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған заманауи көпфункционалды кешен. Алдын ала мәлімет бойынша, бақта жалпы ауданы 1500 шаршы метр болатын екі жылыжай орналаспақ. Онда Африка, Оңтүстік Америка, Австралия, Жапония, Қытай және Мадагаскар сияқты әлемнің әр аймағынан 92 түрлі 3300-ден астам өсімдік егіледі. Веерлі пальма, Канар құрмасы, кактус пен алоэ, вашингтония пальмасы, стрелиция, жакаранда, алып юкка, мақта ағашы, бамбук, сәндік өсімдіктер, кариота жайқалатын күн жақын. Бұл өсімдіктер гүлдегенде хош иісі аңқып, қызғылт сары, көгілдір, күлгін сияқты алуан түске боялады.

    Өсімдіктерге қолайлы жағдай жасау үшін микроклиматты автоматты басқару, суару және су дайындаудың заманауи инженерлік жүйелерімен жабдықталмақ.

    Ботаникалық бақ өсімдіктердің бірегей түрлері өсетін орын ғана емес, экологиялық мәдениеттің, білім берудің және ішкі туризмнің дамуына қызмет ететін, аймақ тұрғындары мен қонақтары жиі бас қосатын мекенге айналады.
    Мұнда студенттер, мектеп оқушыларының, табиғат жанашырларының танымын кеңейтуге барлық жағдай жасалмақ әрі Ботаникалық бақтың ерекше атмосферасы келушілерге жайлылық сыйлайды.

    Айта кетейік, ұйымдастырушылар тропикалық жылыжайда ауа ылғалдылығын табиғи деңгейде ұстап тұратын тұман қалыптастыру жүйесі жұмыс істейді деп отыр. Сондай-ақ артық ылғалды бұрып әкететін дренаж жүйесі қарастырылған.

    Бұдан бөлек ботаникалық бақта білім беру іс-шараларын өткізуге арналған 40 орындық дәріс залы да бар. Екінші қабатта әкімшілік кабинеттер, демалыс аймағы, асхана және жылыжайларға панорамалық көрініс ашылатын шолу көпірі орналасқан.

    Қамысқала Қызылорда
    Previous ArticleРеспубликалық «Auyl Jastary» форумы өтті
    Next Article «Қала халқы толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген»: «Қызылорда су жүйесі» директоры Жасұлан Абатов
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.