Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Баспанадан басқару мәдениетіне дейін: Қызылорданың жаңа келбеті қалай қалыптасып жатыр?
    Жаңалықтар

    Баспанадан басқару мәдениетіне дейін: Қызылорданың жаңа келбеті қалай қалыптасып жатыр?

    SalemnewsSalemnews12.05.202633 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы соңғы жылдары қарқынды дамып, шаһардың сәулеттік келбеті мен инфрақұрылымдық әлеуеті айтарлықтай жаңарып келеді. Бұл үдеріс әсіресе қаланың сол жағалауында айқын байқалады.

    Соңғы үш жылдың өзінде 939,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өңірдегі баспана қолжетімділігін арттыруда маңызды серпін қалыптасты.

    Тұрғын үй қорының кеңеюімен қатар, инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары да қатар жүргізілуде. Соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету жобасы кезең-кезеңімен іске асып, бүгінгі таңда қала тұрғындары оның нақты нәтижесін сезінуде. Бұған қоса тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы аясында 65 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, ескі нысандардың жаңаша келбетке ие болуына мүмкіндік жасалды.

    Жаңғырту тек тұрғын үйлермен шектелмей, аулалық инфрақұрылымды да қамтып отыр. Соңғы жылдары демеушілер есебінен көпқабатты үйлердің аулаларында 80 балаларға арналған спорт алаңы пайдалануға берілген. Бұл қаладағы әлеуметтік ортаны жақсартуға елеулі үлес қосты. Осылайша, тұрғындардың, әсіресе жас буынның бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалып, қаланың өмір сүруге қолайлы орта ретіндегі беделі нығая түсті.

    Ал мұндай кешенді дамудың келесі маңызды бағыты – энергетикалық инфрақұрылым. Бұл тұрғыда Қызылорда үшін стратегиялық маңызы бар ірі жоба жүзеге асып, қуаттылығы 240 МВт болатын жаңа газ жылу-электр орталығы іске қосылды. Шешім қаладағы энергетикалық жүйенің тұрақтылығын күшейтіп қана қоймай, тұрғындарды жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесін кезең-кезеңімен шешуге жол ашты. Соның нәтижесінде қаланың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту жаңа деңгейге көтерілді.

    Атқарылып жатқан жұмыстар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңа модельге көшіру міндетімен де үндесіп отыр. Бұл бағытта нақты нәтижеге бағытталған реформалар қажет екені айтылып, соған сәйкес «TURGYNDAR AMANATY» жобасын іске қосылды. Оның мақсаты – саланы түбегейлі өзгертуден гөрі, оны заман талабына бейімдеп, тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі жаңғырту жүргізу.

    Сонымен қатар енгізіліп жатқан заңнамалық өзгерістер де осы мақсатқа қызмет етеді. Олар тұрғындардың жауапкершілігін арттырып, басқару үдерісінің ашықтығын күшейтуге, қаржының тиімді бақылауын қамтамасыз етуге және меншік иелерінің шешім қабылдаудағы рөлін нақтылауға бағытталған. Ең басты жаңашылдықтардың бірі – әрбір тұрғын үйге басқару түрін өз бетінше таңдау мүмкіндігінің берілуі, бұл өз кезегінде тұрғындардың мүлікке деген жауапкершілігін күшейтеді.

    Жалпы алғанда, бастамалар саладағы мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталған кең ауқымды реформалардың бір бөлігі болып отыр. Осы мақсатта қалада МИБ және ПИК төрағаларын оқыту, тұрғындармен кері байланысты күшейту, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын дамыту және белсенді азаматтар қатарынан кадрлық резерв қалыптастыру жоспарланған. Бұған қос, осы жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін партияның өңірлік филиалында фронт-офис ашу бастамасы да қарастырылуда.

    Тұрғын үй қатынастары саласындағы тағы бір өзекті мәселе – есеп айырысу жүйесінің ашықтығы. Осыған байланысты Кондоминиум иелері ассоциациясының Қызылорда қаласы бойынша төрайымы Илимжаухар Сартова орталықтандырылған биллинг қызметін құратын компания ашу бастамасын көтерді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта тұрғындар мен басқарушы компания арасындағы түсінбеушіліктер көбіне қаржылық есептің ашық болмауынан туындайды.

    – Біздің жұмыс барысында тұрғындар мен басқарушы компания арасындағы мәселелер жиі кездеседі. Көп жағдайда тұрғындар тек көзге көрінетін жұмыстарды байқайды да, инженерлік жүйелерді күтіп ұстау, жалпы тазалық пен тұрақты қызмет көрсету сияқты маңызды аспектілер назардан тыс қалады. Сонымен бірге үйді күтіп ұстауға арналған төлемдердің уақытылы жиналмауы да өзекті мәселе. Сондықтан Қызылордада орталықтандырылған биллинг қызметін көрсететін компания құрылса, жүйенің ашықтығы мен тиімділігі артар еді, – деді ол «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбындағы өңірлік форумда.

    Экономикалық тұрғыдан алғанда, тұрғын үй саласындағы мұндай серпін қала дамуының негізгі драйверлерінің біріне айналып отыр. Соңғы үш жылда бұл бағытқа 64 миллиард 97 миллион теңге бағытталып, нәтижесінде 5 600 пәтердің кілті тұрғындарға табысталды. Бұл тек құрылыс қарқынының артуын емес, аймақ экономикасының тұрақты өсімін және әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюын да көрсетеді.

    Осылайша, Қызылорданың бүгінгі дамуы құрылыс көлемімен ғана емес, басқару жүйесін жетілдірумен, инфрақұрылымды жаңғыртумен және әлеуметтік саясаттың күшеюімен сипатталады. Заманауи сәулеттік шешімдермен бой көтерген 7, 9 және 12 қабатты тұрғын үйлер шаһардың жаңа келбетін қалыптастырып, қаланың даму қарқынына тың серпін сыйлауда.

    Қамысқала Қызылорда
    Previous Article13-14 мамыр күндері Түркия Президенті мемлекеттік сапармен Астанаға келеді
    Next Article Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.