Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды
    Жаңалықтар

    Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова14.05.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: polisia.kz


    Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    8 мамыр күні полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Олардың қатарында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар. Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ қару-жарақ пен өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деп күдікке ілінді.

    • 21 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін едәуір көлемдегі қару-жарақ пен өзге де заттар тәркіленді. Мысалы, күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше бірлік атыс және травматикалық қару, оның ішінде кесілген мылтықтар мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылды. Аталған қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған.

    Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

    Құқыққа қарсы әрекеттердің қосымша эпизодтарын және өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда.

    ІІМ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайту және жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.

    «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру негізгі бағыттардың бірі болып қала береді, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

    Previous ArticleБаспанадан басқару мәдениетіне дейін: Қызылорданың жаңа келбеті қалай қалыптасып жатыр?
    Next Article Емтихансыз жүргізуші куәлігін уәде еткен тұрғын жазаланды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.