Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар» «Ауыл – ел бесігі»: Қызылордада коммуналдық жүйелер жаңару үстінде
    Жаңалықтар

     «Ауыл – ел бесігі»: Қызылордада коммуналдық жүйелер жаңару үстінде

    SalemnewsSalemnews09.05.202634 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқын алды.

    Соңғы жылдары электр, газ, су, кәріз және жылу жүйелерін жаңарту бағытында ауқымды жобалар іске асып, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға және инженерлік инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Бағдарлама тек ағымдағы мәселелерді шешуге емес, ұзақ мерзімді әрі сапалы инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған. Осы орайда өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасасақ.

    Ауылдардың жарық пен энергияға қолжетімділігі артуда

    Бағдарлама аясындағы ең ауқымды бағыттардың бірі – электр желілерін жаңарту және жаңа қоныстарды толық электрмен қамту. Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтерде бұл бағытта бірнеше ірі жоба іске асырылып жатыр.

    Атап айтқанда, Қызылжарма ауылында 67 көшеге электр желілерін тарту жобасы қолға алынып, республикалық бюджет есебінен қаржы бөлінді. Жоба аясында мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Бұл ауыл ішіндегі тозығы жеткен желілерді жаңартып қана қоймай, болашақта электр жүктемесін тұрақты көтеруге мүмкіндік береді.

    Ақсуат ауылдық округіндегі жаңа қоныс аумағында да ауқымды жұмыс жүргізілуде. Мұнда 560 тұрғын үйді электрмен қамтуға арналған 0,4 кВ және 10 кВ электр желілері салынып жатыр. Жобаның жалпы құны миллиард теңгеден асады. Қазіргі таңда негізгі желілер тартылып, бір бөлігі пайдалануға берілген. Бұл – жаңа тұрғын аймақтардың инфрақұрылымын толық қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

    Досан елді мекенінде де электр желілерін тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба нәтижесінде 604 тұрғын үй сапалы электр қуатына қосылды. Ол ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін шешімдердің бірі болды.

    Сонымен қатар Қараөзек, Айнакөл және Қызылөзек ауылдық округтерінде электр тарату желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. ВЛ 0,4 кВ және 10 кВ желілерін жаңарту арқылы ескірген инфрақұрылым алмастырылып, апаттық жағдайлардың алдын алу көзделіп отыр.

    Газдандыру саласында да ілгерілеу бар. Сабалақ елді мекенінде орамішілік газ желілері мен ШГРП құрылысы аяқталып, тұрғын үйлер табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Осы тектес жобалар тұрғындарды тұрақты отын көздерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

    Өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп жатыр

    Коммуналдық шаруашылықтағы ең күрделі әрі стратегиялық бағыттардың бірі – су жүйелері мен кәріз инфрақұрылымын жаңарту. Бұл бағытта  5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, оның басым бөлігі нақты жобаларға бағытталған.

    Қызылорда қаласында тәулігіне 70 мың текше метр су өңдеуге қауқарлы биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Жоба қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, ағын суларды тазарту сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар бірнеше кәріз сорғы станциялары қайта жаңғыртылып жатыр. Атап айтқанда, Гагарин көшесі бойындағы №13 кәріз сорғы станциясын реконструкциялау жобасы жүзеге асуда. Бұл қаланың кәріз жүйесіндегі жүктемені азайтып, апаттық жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

    Су құбыры жүйелерін жаңарту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Камалов, Байсейітова, Ыдырысов және өзге де көшелерде су желілері толық қайта жаңартылып, тұрғындарға сапалы ауызсу жеткізу қамтамасыз етілді. Бірқатар жобалар толық аяқталып, қабылдау актісімен пайдалануға берілді.

    Белкөл ауылында су құбыры және қысымды кәріз жүйелері салынды. Бұл ауыл тұрғындарын орталықтандырылған жүйеге қосу арқылы санитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.

    Қызылжарма ауылдық округінде жалпы қуаттылығы 1440 текше метр болатын үш ұңғыма бұрғыланды. Бұл – ауызсу тапшылығы мәселесін азайтуға және су қорының тұрақтылығын арттыруға бағытталған маңызды жоба.

    Сондай-ақ Сабалақ елді мекенінде су қоймасын салу жұмыстары жүргізілуде. Жоба толық аяқталғаннан кейін аймақтың су теңгерімі тұрақтанып, жазғы маусымдағы су тапшылығының алдын алуға мүмкіндік туады.

    Жалпы алғанда, су және кәріз жүйелерін жаңарту жұмыстары қала мен ауылдық аймақтардағы ең өзекті коммуналдық мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге бағытталған жүйелі саясаттың нәтижесі болып отыр.

    Жылу энергетикасы және кешенді инфрақұрылым

    Қаланың коммуналдық инфрақұрылымын дамытуда жылу энергетикалық жүйелерді жаңғырту ерекше орын алады. Бұл бағытта бірнеше ірі стратегиялық жобалар іске асырылған.

    Мәселен, сол жағалау бөлігін жылумен қамтамасыз ету жобасы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл қаладағы жаңа тұрғын аудандардың тұрақты жылумен қамтылуын қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылымдық шешім болды.

    Сонымен қатар 40 МВт қуаттылықтағы жаңа жылу қазандығының құрылысы жүргізілді. Бұл нысан қаланың жылу жүйесіне түсетін жүктемені азайтып, қысқы маусымдағы тұрақтылықты арттыруға бағытталған.

    Индустриялық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде коммуналдық базар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын қойма кешендерінің инженерлік желілері салынды.

    Жылу, электр, су және кәріз жүйелерін кешенді жаңғырту нәтижесінде Қызылорда қаласы мен оған қарасты елді мекендерде инфрақұрылымдық даму жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, өңірдің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына негіз қалыптастыруда.

    «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы Қызылорда өңірінде коммуналдық инфрақұрылымды түбегейлі жаңғыртудың негізгі тетігіне айналды. Электр, газ, су, кәріз және жылу жүйелерін кешенді түрде жаңарту арқылы ауылдық аумақтар мен қала маңындағы елді мекендердің инфрақұрылымдық теңсіздігі азайып келеді. Бағдарламаның басты нәтижесі – тек жаңа нысандар салу емес, сонымен қатар тозған жүйелерді жаңартып, ұзақ мерзімді әрі тұрақты коммуналдық инфрақұрылым қалыптастыру.

    Қамысқала Қызылорда
    Previous ArticleМексика астанасы жер астына кетіп барады
    Next Article Маңғыстауда вандал жауапқа тартылды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.