Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақтауда артық майдан арылғысы келіп ота жасатқан депутат көз жұмды
    Жаңалықтар

    Ақтауда артық майдан арылғысы келіп ота жасатқан депутат көз жұмды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова22.05.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    ашық дереккөзден


    Маңғыстау облысында пластикалық операциядан кейін облыстық мәслихат депутаты, 49 жастағы Ербол Айтуов қайтыс болды. «Ақ Жайық» басылымының жазуынша, оның қайтыс болғаны және нақты күні жергілікті нотариуста мұрагерлік істің ашылуына қатысты құжаттармен расталған. Құжаттарға сәйкес, депутат 2026 жылғы 5 мамырда көз жұмған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бұған дейін Ербол Айтуов сәуір айының басында «Қасиет» клиникасына иек тұсына липосакция жасату үшін барғаны хабарланған еді. Алайда наркоз кезінде оның жағдайы күрт нашарлап, комаға түскен. Жұбайының айтуынша, күйеуінің инсульт алғаны белгілі болған, ал клиника, оның сөзінше, медициналық көмек көрсетуді созып, науқастың нақты жағдайын жасырған. Бір айдан кейін пациент қайтыс болды.

    Клиника тексерілді
    Басылым Денсаулық сақтау министрлігі оқиғадан кейін клиникаға жоспардан тыс тексеру жүргізгенін жазды. Ведомство мәліметінше, клиникада ересектерге арналған анестезиология және реанимация қызметіне лицензия болмаған. Сондай-ақ операция блогы толық жабдықталмаған, ал кейбір медициналық құрал-жабдықтардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен.

    Тексеру барысында пациентті қарсы көрсетілімдер мен қажетті талдаулардың толық болмауына байланысты операцияға мүлде жатқызбау керек болғаны анықталған.

    Қазір барлық материал прокуратураға жолданған. Қайғылы оқиғаның ресми себебін құқық қорғау органдары анықтайды.

    Айта кетейік, «Қасиет» клиникасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, медициналық орталық көрсететін қызметтер қатарында «пластикалық және эстетикалық хирургия» бағыты бар.

    Марқұм Ербол Айтуов өңірге белгілі тұлға болған. Ол депутаттық қызметтен бөлек, облыстық Кәсіпкерлер палатасындағы маңызды комитеттердің бірін басқарған.

    Previous ArticleПредыдущая запись
    Next Article 93 жастағы әжеге алғаш рет туу туралы куәлік берілді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.