Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»АҚШ-та ұшақ тұрғын үйге құлады
    Жаңалықтар

    АҚШ-та ұшақ тұрғын үйге құлады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова15.05.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөзден


    АҚШ-тың Огайо штатындағы Акрон қаласында шағын Piper PA-28 ұшағы тұрғын үйге құлады. Апаттан кейін үйді өрт шарпып, ұшақ бортында болған екі адам көз жұмды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    New York Post басылымының мәліметінше, оқиға 14 мамыр күні күндіз болған. Әуеге көтерілген шағын ұшақ көп ұзамай тұрғын үйге соғылған. Соққыдан кейін ғимаратта күшті өрт басталған.

    АҚШ Федералдық авиация басқармасының дерегінше, Piper PA-28 ұшағы Akron Fulton Airport әуежайынан ұшып шыққан. Бортта екі адам болған, олардың екеуі де қаза тапты.

    Апат кезінде үй ішінде төрт адамнан тұратын отбасы – ерлі-зайыпты мен екі бала болған. Қатты өртке қарамастан, олар сыртқа шығып үлгерген. Абырой болғанда, отбасы мүшелері жарақат алмаған.

    Акрон өрт сөндіру қызметінің өкілі Сьерджи Лэштің айтуынша, тұрғындар ұшақтың үйге құлап бара жатқанын көргенін хабарлаған.

    Құтқарушылар бастапқыда оқиға орнына тұрғын үйдегі өрт туралы шақырту бойынша барған. Кейін өрттің әуе апатынан шыққаны анықталған.

    Куәгерлер апаттан кейін аудан үстін қою қара түтін басқанын видеоға түсіріп алған. Оқиға орнынан ұшақтың түрлі бөлшектері, соның ішінде құйрық бөлігі табылды.

    Тұрғын үй қатты зақымданған. Енді мамандар ғимараттың әрі қарай пайдалануға жарамды-жарамсыз екенін тексереді. Ал апаттың нақты себебін АҚШ Федералдық авиация басқармасы мен Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі анықтап жатыр.

    Previous ArticleҚарағанды облысында 17 жастағы мотоцикл жүргізушісі 8 жасар қызды қағып кетті
    Next Article Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.