Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қарағанды облысында 17 жастағы мотоцикл жүргізушісі 8 жасар қызды қағып кетті
    Жаңалықтар

    Қарағанды облысында 17 жастағы мотоцикл жүргізушісі 8 жасар қызды қағып кетті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова15.05.202632 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: depositphotos.com


    Қарағанды облысында кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушісі сегіз жастағы қызды қағып кетті. Салдарынан қыз бала оқиға орнында көз жұмды, деп salemnews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қайғылы жағдай Көкпекті станциясында болған. Жергілікті тұрғындар бұл елді мекенді Солоничка деп те атайды. Куәгерлердің айтуынша, қыз жол жиегінде тұрған кезде оны мотоцикл қағып кеткен. Рөлде 17 жастағы жасөспірім болған.

    «Ол қызды 3-4 метрге дейін сүйреп кетті. Қыз бала оқиға орнында қайтыс болды. Жігіттің өзі де апат кезінде жарақат алды. Ол мотоциклмен бірге қыздың жанына құлаған», – дейді оқиғаны көрген ауыл тұрғындары.

    Қарағанды облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    «Полиция қызметкерлері мотокөлік жүргізушілеріне жол ережесін қатаң сақтау қажет екенін және кәмелетке толмағандардың көлік басқаруына жол берілмейтінін бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, өңірде ауыр салдары бар жол апаттары әлі де болып жатыр. 17 жастағы жүргізуші эндуро-мотоциклді басқарып келе жатып, 8 жастағы жаяу жүргінші қызды қағып кеткен. Алған жарақаттарынан қыз бала оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушінің өзі түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп мәлімдеді полиция.

    Сонымен қатар кәмелетке толмаған жүргізушінің ата-анасына қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Іс «көлік құралын басқару құқығы жоқ адамды рөлге жіберу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабы бойынша тергеліп жатыр.

    Полиция ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді мотокөлік басқаруға жібермеу керегін ескертті.

    Previous ArticleЕрдоған Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне Құран сыйлады
    Next Article АҚШ-та ұшақ тұрғын үйге құлады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.