Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Ағай, екі бала суға батып жатыр!»: Маңғыстау тұрғыны жасөспірімдерді ажалдан аман алып қалды
    Жаңалықтар

    «Ағай, екі бала суға батып жатыр!»: Маңғыстау тұрғыны жасөспірімдерді ажалдан аман алып қалды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова17.05.202612 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Sputnik.kz

    Маңғыстаулық Жазмұрат Айқожаев суға батып бара жатқан екі жасөспірімді ажалдан аман алып қалды. Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісі айтады.

    Оқиға 11 мамыр сағат 15:15 шамасында болған. Жазмұрат Айқожаев балаларымен бірге теңіз жағасында серуендеп жүрген.

    «Сол сәтте TikTok-та тікелей эфир қосып отырғанбыз. Кенеттен бір баланың: Ағай, екі бала батып жатыр!» деп жан дауысы шықты. Сол күні күн ыстық болған, өзім де суға түсейін деп дайындалып тұрған едім. Қыс бойы теңізде жүзіп жүрген соң, көп ойланбастан телефонымды қасымдағы адамдарға ұстата салып, бірден суға секірдім. Суға кетіп бара жатқан екі баланы екі жағынан сүйреп жағаға қарай алып шықтым. Жағадағы адамдарға: «Көтеріп алыңдар!» — деп айқайладым», — дейді ол.

    Жағада тұрғандар екі баланы судан аман шығарып алған.

    «Кейін білсек, олар ағалы-інілі балалар екен. Ата-анасына теңізге кеткенін айтпаған көрінеді. Оларға бір-екі бала көмектескісі келген, бырақ шамасы жетпеген екен», — дейді Жазмұрат Айқожаев.

    Балаларды жағаға шығарған соң алғашқы көмек көрсеткен.

    «Сол сәтте өзім де қатты әлсіреп қалдым. Біраздан кейін қарасам, екі бала да есін жиған екен. Кейіннен суға батқан балалар хабарласып, алғысын айтты», — дейді ол.

    Жазмұрат Айқожаев — бес баланы әкесі. Оның өмірінде мұндай оқыс оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ.

    «2012 жылы туған жерім Жетібайда көлікпен су тасушы болып жүргенімде бір үйдің шатыры өртеніп жатқанын көріп қалдым. Үй иелері өрттен бейхабар екен. Сол мезетте көлігімдегі өрт сөндіру сорғысы арқылы өртті сөндіріп, үй иелеріне ескертіп, әрі қарай жұмысыма кете бердім», — дейді маңғыстаулық батыр жігіт.
    Алайда Жазмұрат бұны ерлік деп санамайды.

    Жазмұрат бұл әрекетін ерлікке баламайтынын айтып, кез келген адам дәл осылай істер еді деген пікір білдірді. Оның сөзінше, қандай жағдайда да ең басты құндылық – адам өмірі.

    Previous ArticleАлматы облысында полицей қызметтік көлікпен әйелін қағып өлтірді
    Next Article Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.