Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматы облысында полицей қызметтік көлікпен әйелін қағып өлтірді
    Жаңалықтар

    Алматы облысында полицей қызметтік көлікпен әйелін қағып өлтірді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова17.05.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto

    Алматы облысының Балқаш ауданында аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарының қатысуымен адам өліміне әкеп соққан қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Оқиға 16 мамыр күні таңертең Қонаев — Бақанас тасжолында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, полиция қызметкері қызметтік Hyundai Elantra автокөлігін тізгіндеп келе жатқан. Көлік ішінде онымен бірге жұбайы да болған. Сапар барысында ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындаған. Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, ер адам Бақбақты ауылының маңында көлікті тоқтатып, әйелін жол жиегіне түсіріп кеткен. Сәлден соң ол қателігін түсініп, әйелін алып кету үшін артына қарай бұрылған. Алайда, тас жолдың 84-шақырымында жүргізуші жол үстінде тұрған жұбайын байқамай қалып, оны қағып кеткен.

    Алған жарақаттарының салдарынан әйел адам оқиға орнында тіл тартпай кетті.

    Оқиға орнына бірден полиция, прокуратура қызметкерлері және Алматы облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жеткен. Тексеріс барысында шенді полицейдің қызметтік автокөлікті жол жүру парағы негізінде заңды түрде мінгені анықталды.

    Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

    Previous ArticleРесей Қазақстаннан қызанақ сатып алуды екі есеге арттырды
    Next Article «Ағай, екі бала суға батып жатыр!»: Маңғыстау тұрғыны жасөспірімдерді ажалдан аман алып қалды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.